Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі,
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) келесі сайлау учаскелерінің орталықтары жаңа редакцияда жазылсын:
- Сайлау учаскесі № 56
Орталығы: Алматы қаласы, Жароков көшесі, № 24 үй, Алматы қаласы білім басқармасының "№ 134 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Сайлау учаскесі № 66
Орталығы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, № 238 үй, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты "Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
- Сайлау учаскесі № 82
Орталығы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 125 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 8 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Сайлау учаскесі № 85
Орталығы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 125 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 8 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Сайлау учаскесі № 88
Орталығы: Алматы қаласы, Досмұхамедов көшесі, № 45 үй, "META University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2) келесі сайлау учаскелері шекараларын нақтылай отырып, жаңа редакцияда жазылсын:
- № 42 сайлау учаскесi
Орталығы: Алматы қаласы, Тілендиев көшесі, № 35 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 96 жалпы бiлiм беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Төле би көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауына дейін; Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауымен солтүстік бағытта шығыс жағы Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Қараөткел көшесіндегі, №163 үйдің аумағының шығыс шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі, №163 үйдің шығыс шекарасымен оңтүстікке батыс жағы Қараөткел көшесіндегі, №201 үйдің аумағының шекарасына дейін; Қараөткел көшесіндегі, №201 үйдің аумағының шекарасынан Қараөткел көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Төле би көшесіндегі, №273А үйдің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Төле би көшесіндегі, №273А үйдің аумағының солтүстік шекарасы бойымен шығыс бағытта оңтүсітк жағы Лихачев көшесіне дейін; ары қарай Тастақ-2 шағынауданындағы, №22, №30, №29, №27, №26 үйлердің аумағының шығыс жағымен солтүстік бағытта шығыс жағы Дүйсенов көшесіне дейін; Дүйсенов көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Төле би көшесіне дейін, Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі, №63, 65 және Төле би көшесінідегі,261 үйлерді қоспағанда;
- № 45 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Брусиловский көшесі, № 15 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 34 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі №34 үйдің аумағының солтүстік шекарасымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Прокофьев көшесіндегі, №4 үйдің аумағының сызығына дейін; Прокофьев көшесіндегі, №4, №6, №8 үйлердің аумағының оңтүстік шекарасымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Брусиловский көшесіне дейін; Брусиловский көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Төле би көшесіне дейін Төле би көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Прокофьев көшесіне дейін; Прокофьев көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Прокофьев көшесіндегі, №49 үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін; Прокофьев көшесіндегі, № 49 үйдің аумағының солтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін, Нұрғиса Тілендиев көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі, №34 үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін, Нұрғиса Тілендиев көшесіндегі, №63, 65 және Төле би көшесінідегі,261 үйлерді қоса алғанда;
- № 51 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, № 6 үй, "Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы.
Шекаралары: Аренский көшесінен Райымбек даңғылымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Төле би көшесіне дейін, Райымбек даңғылындағы, №206 А, №208 үйлердің аумағын қоспағанда; Төле би көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы көтерме базардың сауда павильонының №33/1 үйдің оңтүстік шекарасына дейін, оңтүстік жағы бойымен, ары қарай көтерме базардың сауда павильонының №33/1 үйдің батыс жағы шекарасымен солтүстікке шығыс жағымен Розыбакиев көшесіндегі №23 үйдің оңтүстік шекарасына дейін, ары қарай батысқа солтүстік жағы Аренский көшесіне дейін; Аренский көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Райымбек даңғылына дейін;
- № 53 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, № 31 В үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 67 жалпы бiлiм беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Қарасай батыр көшесінен Аносов көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Ұзақбай Құлымбетов көшесіне дейін; Ұзақбай Құлымбетов көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Верещагин көшесіне дейін; Верещагин көшесімен ары қарай Милахинский (Есентай) каналымен оңтүстік бағытта батыс жағы Қарасу көшесіндегі, №27А үйдің солтүстік шекарасына дейін; Қарасу көшесіндегі, №27А үйдің солтүстік шекарасы боймен шығыс бағытта оңтүстік жағы Қарасу көшесіне дейін; Қарасу көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Розыбакиев көшесіндегі, №31В үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін; Розыбакиев көшесіндегі, №31В үйдің аумағының солтүстік шекарасымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Абай даңғылына дейін; Абай даңғылымен батыс бағытта солтүстік жағы Тұрғұт Озал көшесіне дейін; Тұрғұт Озал көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Шәкәрім көшесіне дейін; Шәкәрім көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Ислам Каримов көшесіне дейін; Ислам Каримов көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Аносов көшесіне дейін;
- № 54 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, № 202 үй , Алматы қаласы Білім басқармасының "Принтмедиа технологиялар колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шекаралары: Розыбакиев көшесінен Жамбыл көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Гагарин даңғылына дейін; Гагарин даңғылымен оңтүстік бағытта батыс жағы Шевченко көшесіне дейін; Шевченко көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Айманов көшесіне дейін; Айманов көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Құрманғазы көшесіне дейін; Құрманғазы көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Гагарин даңғылына дейін; Гагарин даңғылымен оңтүстік бағытта батыс жағы Абай даңғылына дейін, Гагарин даңғылындағы, № 100 үйдің және Абай даңғылындағы, №141 үйдің аумағының шекараларын қоса алғанда; Абай даңғылымен батыс бағытта солтүстік жағы Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Розыбакиев көшесіндегі, № 31В үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін; Розыбакиев көшесіндегі, №31В үйдің аумағының солтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Қарасу көшесіне дейін; Қарасу көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Қарасу көшесіндегі, №16 үйдің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Қарасу көшесіндегі, №16 үйдің аумағының оңтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Милахинский (Есентай) каналына дейін; Милахинский (Есентай) каналымен ары қарай Верещагин көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Қарасу көшесіне дейін; Қарасу көшесімен оңтүстік-шығыс бағытта (оңтүстік-батыс жағы) Жамбыл көшесіне дейін;
- № 74 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, № 187 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 24 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Райымбек даңғылынан Есентай көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Жұмалиев көшесіне дейін; Жұмалиев көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Гоголь көшесіне дейін; Гоголь көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Әуезов көшесіне дейін; Әуезов көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Райымбек даңғылындағы, № 206Б, №206В, №206В/2, №206К, №206К/1, №206Е, №210/2, №210/3, №210/4, №210/5, №210/6, №210/7корпус 1, №210/7, №210/12 корпус 2, №210/12 корпус 1 үйлерді қоспағанда Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Есентай өзенінің арнасына дейін;
- № 103 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Әди Шәріпов көшесі, № 23 үй , Алматы қаласы Білім басқармасының "Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Жұмалиев көшесінен Гоголь көшесімен шығыс бағытта солтүстік жағы Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесімен солтүстік бағытта батыс жағы Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылымен батыс бағытта оңтүстік жағы Есентай көшесіне дейін; Есентай көшесімен оңтүстік бағытта шығыс жағы Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батыс бағытта оңтүстік жағы Жұмалиев көшесіне дейін; Жұмалиев көшесімен оңтүстік бағытта шығыс жағы Гоголь көшесіне дейін;
- № 109 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, № 174 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шекаралары: Райымбек даңғылынан Райымбек даңғылындағы, № 172а және № 172 үйлердің аумағының шекаралары аралығында Индустриальная көшесінің бойымен оңтүстік бағытта батыс жағы Мақатаев көшесіндегі, №127 үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін; Мақатаев көшесіндегі, №127 үйдің аумағының солтүстік шекарасы бойымен батыс бағытта солтүстік жағы Мұратбаев көшесіндегі, № 14 үйдің 6 корпусы аумағының шығыс шекарасына дейін; Мұратбаев көшесіндегі, № 14 үйдің 6 корпусы аумағының шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта батыс жағы Мұратбаев көшесіндегі, № 46 үйдің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Мұратбаев көшесіндегі, № 46 үйдің аумағының оңтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесі бойынша солтүстік бағытта шығыс жағы Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Райымбек даңғылындағы, №172А үйдің аумағының шығыс шекарасына дейін;
- № 115 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Чайковский көшесі, № 7 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шекаралары: Райымбек даңғылындағы, № 172 үйдің аумағының батыс шекарасынан Райымбек даңғылымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Чайковский көшесіндегі, №13 үйдің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Чайковский көшесіндегі, №13 үйдің аумағының оңтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Мәметова көшесіне дейін; Мәметова көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта шығыс жағы Сейфуллин даңғылындағы, № 467А үйдің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Сейфуллин даңғылындағы, № 467А үйдің аумағының оңтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Сейфуллин даңғылындағы, №467В үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін; Сейфуллин даңғылындағы үйлердің аумағының солтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Назыр Төреқұлов көшесіндегі, №95 үйдің 5 корпусы аумағының шығыс шекарасына дейін; шығыс жағымен, ары қарай Назыр Төреқұлов көшесіндегі, №95 үйдің 5 корпусы аумағының оңтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Назыр Төреқұлов көшесіндегі, № 93 үйдің аумағының батыс шекарасына дейін, Назыр Төреқұлов көшесіндегі, № 93 үйдің 1 және 2 корпустары аумағының шекараларын қоса алғанда; Назыр Төреқұлов көшесіндегі, № 93 үйдің аумағының батыс шекарасынан батыс бағытта солтүстік жағы Назыр Төреқұлов көшесіндегі, №91/1 үйдің аумағының батыс шекарасына дейін; Назыр Төреқұлов көшесіндегі, №91/1 үйдің аумағының батыс шекарасы бойымен оңтүстік бағытта батыс жағы Мақатаев көшесіндегі, № 127 үйдің аумағының оңтүстік шекарасына дейін; Мақатаев көшесіндегі, № 127 үйдің аумағының оңтүстік шекарасымен батыс бағытта солтүстік жағы Мақатаев көшесіндегі, № 131 үйдің 5 корпусы аумағының шығыс шекарасына дейін; Мақатаев көшесіндегі, № 131 үйдің 5 корпусы аумағының шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта батыс жағы Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Мақатаев көшесіндегі, № 131 үйдің 2 корпусы аумағының солтүстік шекарасына дейін; Мақатаев көшесіндегі, № 131 үйдің 2 және 4 корпусы аумағының солтүстік шекарасымен Мақатаев көшесіндегі, № 127 үйдің аумағының батыс шекарасына дейін; Мақатаев көшесіндегі, № 127 үйдің аумағының батыс шекарасымен солтүстік бағытта шығыс жағы Индустриальная көшесіне дейін; Индустриальная көшесімен ары қарай Райымбек даңғылындағы, № 172 үйдің аумағының батыс шекарасы бойымен солтүстік бағытта шығыс жағы Райымбек даңғылына дейін;
- № 118 сайлау учаскесі
Орталығы: Алматы қаласы, Чайковский көшесі, № 28 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының "№ 90 мамандандырылған мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Сейфуллин даңғылынан Мәметова көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Чайковский көшесіндегі, № 15А үйдің аумағының солтүстік шекарасына дейін; Чайковский көшесіндегі, №15А үйдің аумағының солтүстік шекарасымен шығыс бағытта оңтүстік жағы Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Назыр Төреқұлов көшесіне дейін; Назыр Төреқұлов көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесімен оңтүстік бағытта батыс жағы Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесімен батыс бағытта солтүстік жағы Қашғар көшесіне дейін; Қашғар көшесімен солтүстік бағытта шығыс жағы Төреқұлов Назыр көшесіне дейін; Мақатаев көшесіндегі, № 125, 129, 129А, 127/11, 131 корпус 8, 131 корпус 6, 131 корпус 7 үйлердің аумағының шекараларын қоса алғанда; Төреқұлов Назыр көшесімен шығыс бағытта оңтүстік жағы Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта шығыс жағы Мәметова көшесіне дейін, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық адам репродукциясы орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағының шекарасын қоспағанда.
3) қосымша келесі мазмұндағы жаңа сайлау учаскелерімен толықтырылсын:
- Сайлау учаскесі № 704
Орталығы: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, № 210/2 үй, Алматы қаласы білім басқармасының "№ 216 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Райымбек даңғылы бойынша № 206А, 206Б, 206Е, 206К, 206В, 206В/2, 206К/1, 208, 210/2, 210/3, 210/4, 210/5, 210/6, 210/7 (1 корпус), 210/7, 210/11, 210/12 (1 корпус), 210/12 (2 корпус) үйлерінің аумағы шегінде;
- Сайлау учаскесі № 705
Орталығы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, № 467 В үй, Алматы қаласы білім басқармасының "Алматы технологиялар және флористика колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шекаралары: Торекулов Назира көшесі бойынша № 91/1 үй аумағының батыс шекарасынан бастап Торекулов Назира көшесімен шығыс бағытта (солтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта (батыс жағы) № 467Б үйдің солтүстік шекарасына дейін; № 467Б, 469/1 үйлер аумағының солтүстік шекарасымен батыс бағытта (оңтүстік жағы) № 467В үй аумағының шығыс шекарасына дейін; әрі қарай № 467В үй аумағының шығыс, солтүстік және батыс шекаралары бойынша № 95/1 үй аумағының батыс шекарасына дейін; Торекулов Назира көшесі бойынша № 95/1 үй аумағының батыс шекарасымен оңтүстік бағытта (шығыс жағы) Торекулов Назира көшесіне дейін, № 95, 91, 91/1 үйлерін қоса алғанда.
2. "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкім і | А. Шамшин |
"КЕЛІСІЛДІ"
| Алматы қаласы аумақтық сайлау | |
| комиссиясының төрайымы | А. Қалықова |