Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19, 142-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" № 281 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер белгіленсін.
2. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы қаулыны жолдау;
2) осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н. Жүсіпов |
| Ертіс ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8/1 қаулысына 1 қосымша |
Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сектор өкілдерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуіне тарифтер
| № | Атауы |
1 Алушының қызметіне ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге) |
|---|---|---|
1 |
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 67226 |
| Ертіс ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8/1 қаулысына 2 қосымша |
Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес сектор өкілдерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуіне тарифтер
| № | Атауы |
1 Алушының қызметіне ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге) |
|---|---|---|
1 |
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 35944,44 |