Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Мукашев |
Баянауыл аудандық мәслихатының
2026 жылғы "09" сәуірдегі
№ 430/46 шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Баянауыл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі- ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;
3) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
8) 1 қазан – Қарттар күні;
9) 25 қазан – Республика қүні;
10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Баянауыл ауданында тұрақты тіркелген және тұратын келесі санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:
1)атаулы күндер мен мереке күндеріне орай біржолғыәлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде көрсетіледі:
15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне:
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
9 мамыр – Жеңіс күніне:
бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының басшыларына және қатардағы құрамындағыларына, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына не әскери қимылдар жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауру салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға – 50 (елу) АЕК;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ҰОСжылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60000 (алпыс мың) теңге;
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
Cотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесібар мүгедектергі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын жеке оңалту және оңалту бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Қарттар күніне:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан – Республика күніне Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
2) емделуге (сауықтыруға) әлеуметтік көмек
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға, бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға; 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 (елу) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға) мемлекеттік корпорацияның тізімі бойынша.
3) Әлеуметтік гемодиализ аппаратын пайдаланатын I топтағы мүгедектігі бар адамдарға көмек
Бірінші топ мүгедектігі бар адамдарға (гемодиализ емшарасын алушыларға) 15 (он бес) АЕК мөлшерінде -жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), емдеу курсын алғанын растайтын медициналық ұйымның анықтамасы, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінің 20 таңбалы ағымдағы шоттың ашылғаны туралы хабарламаны қоса бере отырып өтініш негізінде.
4) Мүгедектігі бар адамдарды алып жүруге арналған әлеуметтік көмек:
Мүгедектігі бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емделуге біржолғы төлем оларды тиісінше заңды өкілімен немесе ілесіп жүретін адаммен бірге алып жүру жағдайында, осы фактіні растайтын құжат қоса тіркелген өтініш негізінде тағайындалады және төленеді: мүгедектігі бар балалар үшін – 20 (жиырма) АЕК, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 55 (елу бес) АЕК.
5) Коммуналдық қызметтерді төлеуге әлеуметтік көмек:
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; 1986–1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға; азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі өзге де радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға; бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге кезеңдерінде әскери қызмет міндеттерін орындау барысында жарақат, контузия, мертігу алған немесе майданда болумен байланысты ауру салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі өзге де радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты мүгедектігі бар олардың балаларына; 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға; иеліктен шығару және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз бетінше көшіп келген) адамдарға, оның ішінде эвакуация күні ана құрсағында болған балаларды қоса алғанда; бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына; Ұлы Отан соғысы кезеңінде алынған жарақат, контузия, мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектігі болған немесе соларға теңестірілген адамның қайтыс болған жұбайына (зайыбына); сондай-ақ қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын ұйым мүшесінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың жұбайына (зайыбына), егер олар жалпы аурудан, еңбек жарақатынан және өзге де себептерден (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) мүгедек деп танылған болса және қайтадан некеге тұрмаған болса, — Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде тоқсан сайын коммуналдық қызметтерді төлеуге 10 (он) АЕК.
6) Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуге байланысты әлеуметтік көмек:
табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), олардың өзіне не мүлкіне келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу үшін, ең төменгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған тұрғын үйі, пәтері немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылысы бойынша (меншігінде бірден артық тұрғын үйі бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда) – бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, өтініш негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан келтірілген зиянды (нұқсанды) растайтын құжатты (алты ай ішінде жарамды), жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы, екінші деңгейдегі банктерде немесе тиісті лицензиясы бар ұйымдарда не "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінде ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарламаны, сондай-ақ келтірілген зиянның фотосуреттерін қоса бере отырып көрсетіледі.
7) Өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген зиянға байланысты әлеуметтік көмек:
өрт салдарынан өзіне немесе мүлкіне (тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс) ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зиян келтірілген азаматтарға (отбасыларға) (меншігінде бірден артық тұрғын үйі бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда) – бір рет 100 (жүз) АЕК мөлшерінде, өтініш негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), өрт салдарынан келтірілген зиянды растайтын құжатты (алты ай ішінде жарамды), жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтаманы, екінші деңгейдегі банктерде немесе тиісті лицензиясы бар ұйымдарда не "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінде ашылған 20 таңбалы ағымдағы шот туралы хабарламаны, сондай-ақ зиянның фотосуреттерін қоса бере отырып көрсетіледі;
8) Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуына байланысты әлеуметтік көмек:
Қатерлі ісіктері бар адамдарға – бір рет 10 (он) АЕК;
адам иммун тапшылығы вирусы ауруымен ауыратын адамдарға – бір рет 10 (он) АЕК;
Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозымен ауыратын адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
Жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай) бар адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары бар адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары бар адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
Орфандық аурулары бар адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
цереброваскулярлық аурулары (инсульттер) бар адамдарға (1 жыл ішінде) – бір рет 5 (бес) АЕК;
Эпилепсиямен ауыратын адамдарға – бір рет 5 (бес) АЕК;
Туберкулезбен ауырып, амбулаториялық ем қабылдап жүрген адамдарға – ай сайын 10 (он) АЕК;
Адам иммун тапшылығы вирусымен ауыратын балаларға – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде ай сайын;
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), сондай-ақ әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде.
9) Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек:
жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқу мерзімі аяқталғанға дейін оқу үшін бұрын әлеуметтік көмек алғандарға – үшжақты шартқа сәйкес өтініш негізінде;
жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқу мерзімі аяқталғанға дейін оқуға әлеуметтік көмек бұрын тағайындалған, оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне барып-келуге ай сайын 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
өзін-өзі күте алмайтын, тұрақты күтімді қажет ететін, еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ немесе объективті себептермен күтім жасай алмайтын жақын туыстары бар қарт жастағы мүгедектігі бар адамдарға – ай сайын 3 (үш) АЕК, ауылдық округ әкімдіктерінің тізімі негізінде;
Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – бір рет 3 (үш) АЕК мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде көрсетіледі;
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде – өтініш негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғанын растайтын құжатты қоса бере отырып;
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға біржолғы 10 (он) АЕК мөлшерінде – өтініш негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін), сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрғанын растайтын құжатты қоса бере отырып;
10) Қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жеке тұрғын үй қорында пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде тұрақты тұратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелгендерге, Мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде қатты отын сатып алуға біржолғы 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жеке тұрғын үй қорында пешпен жылытылатын тұрғын үйлерде тұрақты тұратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелгендерге, "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Павлодар облысының еңбек мобильділігі орталығы"" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Баянауыл ауданының мансап орталығы" филиалының тізімі негізінде қатты отын сатып алуға біржолғы 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
8. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген зиян негіздері бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12–20-тармақтарына сәйкес айқындалады.
10. Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері адамның өтініші, ұйымдарға жіберілген сұрау салулар немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылады. Мерекелік күндер мен атаулы даталарға әлеуметтік көмек күнтізбелік жыл ішінде бір рет тағайындалады. Бірнеше негіз болған жағдайда мерекелік күндер мен атаулы даталарға әлеуметтік көмек бір ғана негіз бойынша тағайындалады.
11. Әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан электрондық түрде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесінде белгіленген аурулардың халықаралық жіктемесі кодтарына сәйкес, жеке сәйкестендіру нөмірін, тегін, атын, әкесінің атын және банктік шотын көрсете отырып ұсынылады. Әлеуметтік мәні бар ауруы бар адамдарға әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Шектеулі таралатын қызметтік ақпаратқа мәліметтерді жатқызу және олармен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде ұсынылады. Әлеуметтік мәні бар ауруы бар, бірнеше санатқа жататын адамға әлеуметтік көмек әрбір негіз бойынша төленеді.
12. Бірдей төлеу кезеңділігі бар әлеуметтік көмектің бір түрі бойынша біржолғы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы бойынша жылына бір рет беріледі. Табиғи зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген зиян, сондай-ақ өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген зиян негіздері бойынша әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі оқиға болған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келтірілген жағдайда әлеуметтік көмек зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша, оның меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1. өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмеуі анықталған кезде;
2. өтініш берушінің адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеруден бас тартуы немесе жалтаруы;
3. жергілікті өкілді органдар әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының асып кетуі;
4. уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен осы негіз бойынша әлеуметтік көмек тағайындалғаны, төлемдер жүзеге асырылғаны немесе тағайындауға өтініш берілгені туралы мәліметтердің алынуы.
14. Әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Баянауыл ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
15. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:
1. алушы қайтыс болған кезде;
2. алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен кезде;
3. алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген кезде;
4. өтініш беруші ұсынған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған кезде;
5. әлеуметтік көмек көрсетуге негіздердің жойылғаны туралы мәліметтер анықталған кезде.
Осы тармақтың 3) тармақшасы Үлгілік қағидалардың 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)–3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу аталған мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу аталған мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.
16. Артық төленген әлеуметтік көмек сомалары ерікті тәртіппен қайтарылуға жатады, ал заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылады.
17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасын пайдалану арқылы жүзеге асырады.
18. Әлеуметтік көмекті Мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылданған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тарапынан Үлгілік қағидалардың 28–32-тармақтарына сәйкес бастамашылық жасалады.
19. Әлеуметтік көмек төлемдеріне байланысты банктік қызметтерді төлеу Мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалған шарт негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.