Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2026 жылғы 30 маусымдағы кезектен тыс отырысының № 6 хаттамасы негізінде, Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 3/03 "Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Ксентаев |