Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 581-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарна қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Кожин |
| Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 322/42 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
р/с № | Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты | Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты |
1 | Қызметтік автотұрақтар (паркингтер) | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 1 санат |
2 | Айыппұл автотұрақтар | Автокөлік құралдарын айыппұл автотұрақтарында сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
3 | Су көлік құралдарының тұрақтары | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау | Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
4 | Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының көлік құралдарын мен велокөлік парковкалары | Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының автокөлік құралдарын мен велокөлігін сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
5 | Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары тұрақталатын және тәуліктік немесе сағаттық режим қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау | Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 2 санат |
6 | Ғимараттардың цокольдық және (немесе) жерасты деңгейлерінде орналасқан және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер), тұрақ орындары | Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау | Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты, имаратты пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
7 | Тұрақты бекітілген орындармен күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер) | Жыл сайынғы белгіленген төлеммен жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын сақтау | Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | |
8 | Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер) | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімді сақтау | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін | 3 санат |
| Павлодар қалалық мәслихатының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 322/42 шешіміне 2-қосымша |
Автотұрақтарға (паркингтерге) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту
Автотұрақтың (паркингтің) санаты | Базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту (есеге) |
1 санат | 1 |
2 санат | 5 |
3 санат | 10 |