Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 09.04.2026 № 314/41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгідеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
бірінші абзацының 2) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"2) біржолғы әлеуметтік көмек:";
екінші абзацының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шарт, тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;";
он бесінші және он алтыншы абзацтарының 2) тармақшасы алынып тасталсын:
"Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында, төртінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде "инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелді емес инсулинді қажет ететін түрі бар қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;".
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | Қ. Кожин |