Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындау туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 18 маусымдағы № 1132/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы "Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 1376/27 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

  Павлодар қаласы
  әкімдігінің 2026 жылғы
  18 маусымдағы
  № 1132/1 қаулысына
  қосымша

Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi

      1. Азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру;

      4) білім беру және біліктілік арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;

      5) ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсыныстар жіберу;

      6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан тұлғаларды мемлекеттік наградамен және құрмет белгісімен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу;

      7) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы орган айқындайтын өзге де шаралар.

      2. Азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi:

      1) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Павлодар қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды;

      2) құқық бұзушылық профилактикасына белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдаухатты) Комиссияның қарауына "Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Павлодар қаласының ПБ) енгiзедi;

      3) құқық бұзушылық профилактикасына белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысқа (қолдаухатқа) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы тұлғаларды ақпараттық есепке алу мәліметі және әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алу бойынша карточкадан мәлімет қоса беріледі, бұл ретте көтермелеу туралы қолдаухат әр түрлі негіздерді және мазмұны бойынша қайталауды болдырмайтын азаматтың нақты сіңірген еңбектерін қамтуы тиіс;

      4) Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады;

      5) Павлодар қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi;

      6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу шараларын Павлодар қаласының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

      Ақшалай сыйақының мөлшері 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.

Об определении видов и порядка поощрений граждан, участвующих в профилактике правонарушений в городе Павлодаре

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 18 июня 2026 года № 1132/1

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 6) пункта 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан "О профилактике правонарушений", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить виды и порядок поощрений граждан, участвующих в профилактике правонарушений в городе Павлодаре, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Павлодара от 28 декабря 2018 года № 1376/27 "Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Павлодаре" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6206).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Павлодара.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Павлодара Х. Хабылбеков

  Приложение
к постановлению акимата
города Павлодара
от 18 июня 2026 года
№ 1132/1

Виды и порядок поощрений граждан, участвующих в профилактике правонарушений в городе Павлодаре

      1. Виды поощрений граждан:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выплата денежного вознаграждения;

      4) направление на обучение по образовательным и повышающим квалификацию программам;

      5) направление представлений о поощрении в организации, предприятия;

      6) внесение предложений о награждении государственной наградой и почетным званием для лиц, внесших значительный вклад в профилактику правонарушений;

      7) иные меры, определяемые местным исполнительным органом в пределах своей компетенции.

      2. Порядок поощрений граждан:

      1) вопросы поощрения граждан, участвующих в профилактике правонарушений, рассматриваются комиссией по поощрению граждан, участвующих в профилактике правонарушений в городе Павлодаре (далее - Комиссия);

      2) представление (ходатайство) о поощрении граждан, принимающих активное участие в профилактике правонарушений, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Управление полиции города Павлодара Департамента полиции Павлодарской области" (далее - УП города Павлодара);

      3) к представлению (ходатайству) о поощрении гражданина, принимающих активное участие в профилактике правонарушений прилагаются сведения информационного учета лица в органах внутренних дел Республики Казахстан и сведения из карточек по учету административных правонарушений и лиц, их совершивших, при этом ходатайства о поощрении должны содержать различные основания и конкретные заслуги гражданина, исключающие дублирование по содержанию;

      4) основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией;

      5) выплата денежного вознаграждения производится УП города Павлодара за счет средств областного бюджета;

      6) меры поощрения гражданам, участвующих в профилактике правонарушений осуществляются УП города Павлодара в торжественной обстановке.

      Размер денежного вознаграждения не должен превышать 10-кратного месячного расчетного показателя.