Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі "Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" № 125/12 шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімінің қосымшасында:
1-бөлім. Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін дәрілік заттар мынадай мазмұндағы 88, 89, 90, 91-тармақтармен толықтырылсын:
"88. "Муковисцидоз" ауруы бар азаматтарға арналған "Элексакафтор+Тезакафтор+Ивакафтор және Ивакафтор" дәрісі;
89. "Көптік миелома" ауруы бар азаматтарға арналған "Помалидомид" капсуласы;
90. "Созылмалы лимфолейкоз" ауруы бар азаматтарға арналған "Венетоклакс" дәрісі;
91. "Миастения" сырқаты бар азаматтарға инфузия дайындауға арналған "Экулизумаб" концентрат ерітіндісі.";
3-бөлім. Павлодар облысы аумағында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін берілетін медициналық бұйымдар мынадай мазмұндағы 59-тармақпен толықтырылсын:
"59. "Қысқа ішек синдромы" ауруы бар азаматтарға арналған волюметриялық Volumat agilia сорғысына арналған магистраль.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың төрағасы | И. Теренченко |