"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2026 жылға Павлодар облысы бойынша басым дақылдар дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдардың тiзбесі және субсидиялар нормалары бекітілсін.
2. "Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республиқасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамассыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А. Байханов |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы "7" сәуірдегі № 85/1 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға субсидиялар нормалары
| Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
| 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер | гектар |
|
2 | Қарақұмық | тонна | 20 000 |