ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Министрдің міндетін атқарушы генерал-майор | К. Тұрсынбаев |
| Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары
№ | Ақылы негізде ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы | Өлшем бірлігі | Бағасы (теңге) 1 сағатқа |
1 | "Қазақстан тарихы" пәні бойынша оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
2 | "Математика" пәні бойынша оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
3 | "Физика" пәні бойынша оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
4 | "Геометрия" пәні бойынша оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
5 | Жеке техникалық пәндердің мәселенамасын терең зерделеумен кеңейтілген курстарда оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
6 | Ғылым салаларының жеке мәселелерін қарасаумен және практикалық дағдыларды пысықтаумен пәндер бойынша арнайы курстарда оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
7 | Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
8 | Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлау, 1 адамға | сағат | 1625 |
9 | Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
10 | Қауіпті өндірістік объектілердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, 1 адамға | сағат | 1625 |
11 | Өнеркәсіптік альпинизмді оқыту, 1 адамға | сағат | 1625 |
12 | Құтқарушыларды, газ құтқарушыларды, тау-кен құтқарушыларды, және газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау және қайта даярлау, 1 адамға | сағат | 1625 |