"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 110 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік мекемелерінің жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 17 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 4)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі "Барыс" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі "Барыс" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі "Барыс" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мекеменің атауы: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық құтқару қызметі "Барыс" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Республикалық құтқару қызметі "Барыс" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант
Ш. Әрінов

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 "Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 12 марта 2026 года № 110

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 17 "Об утверждении Уставов государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" следующие изменения:

      подпункт 4) пункта 1 указанного приказа изложить в следующей редакции:

      "4) Устав республиканского государственного учреждения "Республиканская служба спасения "Барыс" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан", согласно приложению 4 к настоящему приказу;";

      в приложении 4 к указанному приказу:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Устав республиканского государственного учреждения "Республиканская служба спасения "Барыс" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Республиканское государственное учреждение "Республиканская служба спасения "Барыс" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" (далее – Учреждение) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме государственного учреждения для осуществления функций по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Наименование Учреждения: "Республиканская служба спасения "Барыс" Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.".

      2. Департаменту ликвидации чрезвычайных ситуаций Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном порядке обеспечить:

      1) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Руководителю Республиканской службы спасения "Барыс" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего приказа.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие cо дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан генерал-лейтенант
Ч. Аринов