БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының және құқықтық актілерінің өзгерістері;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Жалпыұлттық басымдықтарды, Саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, Ұлттық жобаларды, Мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;".
2. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 3 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлiгі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар Министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлiгі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары
№ | Үй-жайдың атауы | Өлшем бірлігі | Бөлменің ауданы |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы үшін: | |||
1. | Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай | Шаршы метр | 70 |
2. | Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай | Шаршы метр | 100 |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері үшін: | |||
1. | Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауға және тіркеуге (бақылауға) арналған үй-жай ("Бір терезе"): | ||
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 120 | |
Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері | Шаршы метр | 100 | |
Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 30 | |
Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 15 | |
2. | Телефондық пікіртерімнің компьютерлендірілген жүйесіне арналған үй-жай (ТПКЖ): | ||
Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 30 | |
3. | Серверлік жабдықты орналастыруға арналған үй-жай: | ||
Республикалық маңызы бар қалалар бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 50 | |
Облыс орталықтарындағы статистика департаменттері | Шаршы метр | 40 | |
4. | Мұрағатты орналастыруға арналған үй-жай: | ||
Республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары бойынша статистика департаменттері | Шаршы метр | 150 | |
Қалалар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 15 | |
Аудандар бойынша статистика басқармалары мен бөлімдері | Шаршы метр | 10 | |
5. | Зерттеуші кабинетіне арналған үй-жай: | ||
Астана қаласы бойынша статистика департаменті | Шаршы метр | 15 | |
Алматы қаласы бойынша статистика департаменті | Шаршы метр | 22 | |