Федоров ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 69 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде":
15-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"20-1) бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;;
20-2) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
20-3) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;".
2. "Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Федоров ауданының әкімі | Т. Исабаев |