"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 92 "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 4 қаулысы

      Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 92 қаулысына толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 15 - тармағы келесі мазмұндағы 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;

      14) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      15) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      16) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді".

      2. "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру қамтамасыз етілсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Жұрқабаев

      Әкімдіктің мүшелері:

      ________________ Н. Абилкаиров

      ________________ Т. Булатов

      ________________ М. Сокитбаев

      ________________ К. Уразбаев

      ________________ А. Лагушина

"Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің заң бөлімінің
басшысы
___________________ Б. Октябр

"Ұзынкөл ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
____________________ Е. Савкина

 

      Келісілді

      "Ұзынкөл ауданының дене тәрбиесі

      және спорт бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ С. Мусин

О внесении дополнений в постановление акимата Узункольского района от 19 мая 2022 года № 92 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта Узункольского района"

Постановление акимата Узункольского района Костанайской области от 19 января 2026 года № 4

      Акимат Узункольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Узункольского района от 19 мая 2022 года № 92 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта Узункольского района" следующее дополнения:

      пункт 15 дополнить подпунктами 13), 14), 15), 16) следующего содержания:

      "13) принимает меры по использованию во внеурочное и вечернее время спортивных сооружений организаций образования в целях обеспечения работы спортивных секций для населения и проведения спортивных мероприятий;

      14) утверждает государственный спортивный заказ на финансирование спортивных секций для детей и юношества в пределах объемов бюджетных средств;

      15) обеспечивает размещение государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества независимо от форм собственности поставщиков услуг государственного спортивного заказа, их ведомственной подчиненности, типов и видов;

      16) обеспечивает исполнение всех этапов и процедур размещения, контроля качества и целевого освоения государственного спортивного заказа в электронном и общедоступном форматах".

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта Узункольского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на государственном и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Узункольского района после его официального опубликования.

      3) принятие иных необходимых мер вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением постановления возложить на курирующего заместителя акима Узункольского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 22 января 2026 года.

      Аким Узункольского района М. Журкабаев

      Члены акимата:

      ________________ Н. Абилкаиров

      ________________ Т. Булатов

      ________________ М. Сокитбаев

      ________________ К. Уразбаев

      ________________ А. Лагушина

Руководитель юридического отдела
государственного учреждения
"Аппарат акима Узункольского
района"
__________________ Б. Октябр

Руководитель отдела
документационного обеспечения
государственного учреждения
"Аппарат акима Узункольского
района"
____________________ Е. Савкина

 

      Согласовано

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел физической

      культуры и спорта Узункольского

      района"

      __________________ С. Мусин