Мәслихаттың 2023 жылғы 28 қарашадағы № 102 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 417 шешімі

      Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 28 қарашадағы № 102 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) ардагерлерге және Заңның 8-бабының бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Заңның 5, 6, 7, 8 көрсетілген басқа да адамдарға, ақшалай көмек түрінде, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) диспанселік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) туберкулез ауруынан зардап шеккен және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емделуге, ақшалай көмек түрінде, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

      6) мүгедектігі бар адамдарға, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін, ақшалай көмек түрінде, жылына 1 рет, нақты шығындар мөлшерінде, 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      7) бұрын техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алу үшін әлеуметтік көмек алған адамдарға, ақшалай көмек түрінде, оқуын аяқтау үшін, табыстарын есепке алмай, жарты жылда бір рет, оқудың нақты құны мөлшерінде, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын, бірақ 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

      8) дүлей апат немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруіне байланысты, табыстарын есепке алмай, бір рет, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктеріне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып, пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға, табыстарын есепке алмай, бір рет, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға оларды санаторийлік-курорттық емделуге алып жүретін адамдардың шығындарын өтеуге, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес, табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан артық емес;

      12) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 5, 6-баптарында, 7-бабының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, Қазақстан Республикасының шегінде, табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомадан артық емес.

      Санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шара туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) шешімімен белгіленген заттай нысаннан жазбаша бас тартылған жағдайда ұсынылады.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

      Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - АЖ) Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысанда сұрау салу қалыптастырады.

      АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды).

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы немесе заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар медициналық ұйым берген қызмет көрсетуді (жедел емдеуді) растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар оқу фактісін, оның құнын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және оны алып жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторийлік-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторийлік-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы Д. Әбжамалов

О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2023 года № 102 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 17 апреля 2026 года № 417

      Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 28 ноября 2023 года № 102 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10098) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в полугодие, 1 раз в год).";

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан оказывается:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, без учета доходов, ежемесячно, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      2) ветеранам и другим лицам, указанным в статьях 5, 6, 7, 8 Закона, за исключением лиц, указанных в подпунктах 4) и 5) части первой статьи 8 Закона, в виде денежной помощи, без учета доходов, ежемесячно, в размере 3 месячных расчетных показателей;

      3) родителям или иным законным представителям детей, инфицированных вирусом иммунодефицита человека, состоящих на диспансерном учете, без учета доходов, ежемесячно, в размере двукратного прожиточного минимума;

      4) лицам, страдающим туберкулезным заболеванием и находящимся на амбулаторном лечении, без учета доходов, ежемесячно, в размере 10 месячных расчетных показателей;

      5) лицам с инвалидностью, на оперативное лечение, в виде денежной помощи, единовременно, в размере фактических затрат, не более 50 месячных расчетных показателей;

      6) лицам с инвалидностью, для возмещения расходов, связанных с приобретением лекарственных средств, в виде денежной помощи, 1 раз в год, в размере фактических затрат, не более 50 месячных расчетных показателей;

      7) лицам, ранее получившим социальную помощь для получения технического, профессионального, послесреднего либо высшего образования, в виде денежной помощи, для завершения обучения, без учета доходов, 1 раз в полугодие, в размере фактической стоимости обучения, но не более 400 месячных расчетных показателей, перечисляемой двумя частями в течение учебного года;

      8) в связи с причинением ущерба гражданину (семье) либо его имуществу, вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, единовременно, в размере 100 месячных расчетных показателей;

      9) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере 7 месячных расчетных показателей;

      10) лицам, освободившимся из мест лишения свободы, находящимся на учете службы пробации без учета дохода, единовременно, в размере 10 месячных расчетных показателей.

      11) лицам с инвалидностью первой группы для возмещения затрат на сопровождающих их лиц на санаторно-курортное лечение, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, в организации, предоставляющие санаторно-курортное лечение через портал социальных услуг, но не более чем на одно сопровождающее лицо, без учета дохода, 1 раз в год, в размере фактических затрат за проживание и питание, за исключением лечебных процедур, но не более семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг на соответствующий финансовый год, определяемой уполномоченным государственным органом;

      12) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам и другим лицам, указанным в статьях 5, 6, подпунктах 1) - 4) статьи 7 на возмещение фактической стоимости путевки на санаторно-курортное лечение, в пределах Республики Казахстан, без учета дохода, 1 раз в год, но не более гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг на соответствующий финансовый год, определяемой уполномоченным государственным органом.

      Возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение предоставляется в случае письменного отказа от натуральной формы, установленной решением Костанайского областного маслихата от 11 июня 2020 года № 510 "О дополнительной мере по социальной поддержке отдельных категорий граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9264).";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи (или представитель по доверенности, выданной в соответствии со статьей 167 Гражданского кодекса Республики Казахстан) обращается письменно в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или акиму поселка, села, сельского округа или в Государственную корпорацию с заявлением по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам, или электронно на портал с заявлением по форме согласно приложению 1-1 к Типовым правилам.

      При письменном обращении специалист, принимающий документы, формирует запросы в соответствующие информационные системы (далее- ИС) государственных органов и (или) организаций через шлюз "электронное правительство" по форме согласно приложению 1-2 к Типовым правилам.

      При несоответствии (отсутствии) сведений в ИС заявителем к заявлению прилагаются следующие документы:

      1) документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);

      2) сведения о доходах лица (членов семьи). Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.

      Лица, указанные в подпунктах 1), 2) пункта 6 настоящих Правил, впервые обратившиеся, представляют документ, подтверждающий социальный статус заявителя.

      Родитель либо законный представитель лиц, указанных в подпункте 3) пункта 6 настоящих Правил, представляют документ, подтверждающий факт заболевания вирусом иммунодефицита человека.

      Лица, указанные в подпункте 4) пункта 6 настоящих Правил, предоставляют документ, подтверждающий факт заболевания туберкулезом и нахождения на амбулаторном лечении.

      Лица, указанные в подпункте 5) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие оказание услуги (оперативное лечение), выданные медицинской организацией.

      Лица, указанные в подпункте 6) пункта 6 настоящих Правил предоставляют копию рецептурного бланка за текущий год, заверенную врачом, и кассовый и/или товарный чек.

      Лица, указанные в подпункте 7) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт обучения, его стоимость.

      Лица, указанные в подпункте 8) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документ, подтверждающий факт причиненного ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара.

      Лица, указанные в подпункте 10) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт освобождения из мест лишения свободы, нахождения на учете службы пробации.

      Лица, указанные в подпункте 11) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документ, подтверждающий оплату санаторно-курортного лечения, акт выполненных работ (оказанных услуг), выданный санаторно-курортной организацией лицу с инвалидностью первой группы и сопровождающему его лицу;

      Лица, указанные в подпункте 12) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие социальный статус, оплату санаторно-курортного лечения, акт выполненных работ (оказанных услуг), выданный санаторно-курортной организацией.

      Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю.

      При предоставлении заявителем неполного пакета документов и (или) документов с истекшим сроком действия заявителю выдается расписка об отказе в приеме заявления на оказание социальной помощи по форме согласно приложению 1-3 к Типовым правилам.

      При обращении заявителя за социальной помощью элетронно посредством портала запрос в ИС государственных органов и (или) организаций для получения необходимых сведений осуществляется самим заявителем.

      При этом заявитель удостоверяет своей ЭЦП электронное заявление и сведения, поступившие из ИС государственных органов и (или) организаций.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сарыкольского районного маслихата Д. Абжамалов