"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
| Қазақстан Республикасы Экология және табиғи |
|
| ресурстар министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 164-Ө бұйрығымен бекітілген |
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдарын қамтамасыз ететін арнайы құралдар тізбесі
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды адамдары мынадай арнайы құралдармен қамтамасыз етіледі:
1) кісендермен (БР, БР-С);
2) резина таяқшамен (арнайы);
3) механикалық әсерлерден қорғауға арналған кеудешемен;
4) жалтырауық шаммен;
5) автокөлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғымен ("Еж-М").