"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі белгіленсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | К. Оспанов |
| Әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 29 қаңтардағы | |
| № 9 қаулысына | |
| қосымша |
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі
№ | Шығындар | Пайызы |
1 | Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, бонустар) | 15 % |
2 | Тәуекелдерді сақтандыру және шығындарды жабуға арналған резервтер (резервтер) | 20 % |
3 | Шұғыл қажеттіліктерге арналған резерв | 10 % |
4 | Кәсіпорындардың нақты қызметіне арналған қажетті шығындар түрлері | 5 % |