Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Занының 35–бабына сәйкес Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "SM Minerals" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Адаевка ауылдық округінің Пушкино ауылы мен Жайылма ауылының аумағында орналасқан жер учаскесіне 2029 жылғы 03 мамырға дейінгі мерзімге жалпы ауданы 0,6 гектар, ұңғымаға арналған 6 (алты) учаскеге (әрбір ұңғымаға арналған ауданы 0,1 гектар) жария сервитут белгіленсін схемаға сәйкес Пушкино ауылы нөмірі 17 орналасқан жер координаттары 51о25`51.56`N – 61о30`07.71`E; нөмірі 18 орналасқан жер координаттары 51о27`01.83`N – 61о30`59.58`E; нөмірі 19 орналасқан жер координаттары 51о27`01.58`N – 61о30`59.94`E; нөмірі 20 орналасқан жер координаттары 51о26`57.70`N-61о32`29.02`E; нөмірі 21 орналасқан жер координаттары 51о26`57.76`N – 61о32`29.89`E; Жайылма ауылы 22 нөмірімен орналасқан жер координаттары 51о29`37.44`N – 61о36`10.68`E, жер асты суларына гидрогеологиялық бұрғылау және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу үшін, жер асты суларының сулы қабаты, сүзу параметрлері және сапасы туралы бастапқы деректерді ала отырып.
2. "Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы Адаевка ауылдық округі әкімдігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгіділеді.
| Б. Рахимжанов |