"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қамысты ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Қамысты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;
2) осы қаулыны Қамысты ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Сейдалин |
| Әкімдіктің | |
| 2026 жылғы "___" ________ | |
| № ____ қаулысына | |
| қосымша |
Қамысты ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ р/с | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Адаевка ауылы | Школьная көшесі ("Содружество-98" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағындағы тақта) |
2 | Алтынсарин ауылы | Школьная көшесі (ауылдық Мәдениет үйі ғимаратының сол жағындағы тақта), Октябрьская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Алтынсарин дәрігерлік амбулаториясы" ғимаратының алдындағы тақта) |
3 | Аралкөл ауылы | Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданының білім бөлімінің Бестау бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағындағы тақта) |
4 | Арқа ауылы | Торговая көшесі ("Қамысты ауданы әкімдігінің Арқа ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағындағы тақта) |
5 | Бестөбе ауылы | Абай көшесі ("Бестөбе-2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық кеңсесі ғимаратының алдындағы тақта) |
6 | Дружба ауылы | Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағындағы тақта) |
7 | Жайылма | Ленин көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Жайылма негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағындағы тақта) |
8 | Қамысты ауылы | Тәуелсіздік көшесі (Универмаг ғимаратына қарама-қарсы тақта), Құдайқұлов көшесі ("Рахат" дүкені ғимаратының алдындағы тақта), Ержанов көшесі ("Детский мир" дүкені ғимаратының алдындағы тақта) |
9 | Қарабатыр ауылы | Комсомольская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Қарабатыр фельдшерлік - акушерлік пункті" ғимаратының оң жағындағы тақта) |
10 | Красногор ауылы | Парковая көшесі ("Тагиров У.М." жеке кәсіпкердің азық-түлік дүкені ғимаратының алдындағы тақта) |
11 | Клочков ауылы | Учительская көшесі ("Алтынсарин" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі ғимаратына қарама-қарсы тақта) |
12 | Ливанов | Кооперативная көшесі ("Кисель Ю. А." жеке кәсіпкердің азық-түлік дүкені ғимаратының алдындағы тақта), Школьная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің Ливанов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағындағы тақта) |
13 | Талдыкөл | Юбилейная көшесі (су тарату пунктінің (СТП) алдындағы тақта) |
14 | Орқаш | Центральная көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Орқаш фельдшерлік - акушерлік пункті" ғимаратының алдындағы тақта) |
15 | Фрунзе | Комсомольская көшесі (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қамысты аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының "Фрунзе фельдшерлік-акушерлік пункті" ғимаратының оң жағындағы тақта) |