1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"8-1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;
8-2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
8-3) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;".
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жітіқара ауданы әкімі | А. Жаныспаев |