Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "VodaTech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сумен жабдықтаудың коммуналдық желілерін төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының аумағында орналасқан алаңы 0,0786 гектар жер учаскелеріне қырық тоғыз жыл мерзіміне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының Жітіқара қаласының әкімі М. Ордашев

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Решение акима города Житикары Житикаринского района Костанайской области от 5 января 2026 года № 1

      В соответствии с подпунктом 1-1) статьи 19, подпунктом 2) пункта 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, аким города Житикары Житикаринского района РЕШИЛ:

      1. Установить товариществу с ограниченной ответственностью "VodaTech" публичный сервитут на земельные участки площадью 0,0786 гектара, расположенные на территории города Житикара Житикаринского района, для прокладки и эксплуатации коммунальных сетей водоснабжения, сроком на сорок девять лет.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Житикары Житикаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего решения направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акима города Житикары Житикаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Житикары Житикаринского района М. Ордашев