Мәслихаттың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 137 "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Жангелдин аудандық мәслихатының 2026 жылғы 28 тамыздағы № 222 шешімі

      Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 137 "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық мәслихатының төрағасы А. Ержигитова

  Мәслихаттың
  2026 жылғы 28 тамыздағы
  № 222 шешіміне
  қосымша
  Мәслихаттың
  2022 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 137 шешімімен
  бекітілген

"Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Жангелдин аудандық мәслихаты мен оның органдарының ұйымдық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған осындай өкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 4.

      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына өзінің өкілеттіктеріне жататын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары және өкілеттіктері

      13. Міндеттері: Мәслихат аппаратының негізгі міндеті мәслихаттың және оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем көрсету болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттар жасасуға және өзге де мәмілелер жасауға;

      мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысуға;

      мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына енгізілетін материалдар мен құжаттарды дайындауға мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды тартуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      2) міндеттері:

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға, оның ішінде мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз етуге;

      өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.

      15. Функциялары:

      мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссияларының, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың және оның органдарының қарауына енгізілетін мәслихат шешімдерінің жобаларын, өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастыруды-әдістемелік қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықпен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеуді, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және халықты мәслихаттың қызметі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;

      мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс жүргізуді ұйымдастыру және құжаттардың архивтік сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәслихатқа келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ петицияларды қарауды ұйымдастыруын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратындағы кадр жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталу мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      аппараттың құзыреті шегінде мәслихат аппаратының және мәслихаттың қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық жағынан қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады. Ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.

      17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.

      19. Мәслихат аппаратының басшысы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Мәслихат аппараты басшысының уақытша болмауы кезеңінде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкі

      21. Мәслихат аппараты заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие бола алады.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении изменения в решение маслихата от 30 декабря 2022 года № 137 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Джангельдинского районного маслихата"

Решение Джангельдинского районного маслихата Костанайской области от 28 августа 2026 года № 222

      Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Джангельдинского районного маслихата от 30 декабря 2022 года № 137 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" следующее изменение:

      Положения о государственном учреждении "Аппарат Джангельдинского районного маслихата", утвержденное указанным решением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Джангельдинского районного маслихата А. Ержигитова

  Приложение
  к решению маслихата
  от 28 августа 2026 года
  № 222
  Утверждено
  решением маслихата
  от 30 декабря 2022 года
  № 137

Положение о государственном учреждении "Аппарат Джангельдинского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" (далее – Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим организационное, правовое, материально-техническое и иное обеспечение Джангельдинского районного маслихата и его органов, оказывающим помощь депутатам в осуществлении их полномочий.

      2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Аппарата маслихата и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 110600, Республика Казахстан, Костанайская область, Джангельдинский район, село Торгай, улица Ы.Алтынсарина 4.

      10. Настоящее положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      11. Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      12. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

2. Задачи, функции и полномочия Аппарата маслихата

      13. Задачи: основной задачей является информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности маслихата и его органов, оказание помощи депутатам маслихата в осуществлении их полномочий.

      14. Полномочия:

      1) права:

      вступать в гражданско-правовые отношения с физическими и юридическими лицами, заключать договоры и совершать иные сделки в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      участвовать в заседаниях маслихата и его органов, а также иных мероприятиях, проводимых маслихатом;

      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, должностных лиц необходимые документы, сведения и иные материалы по вопросам, относящимся к компетенции маслихата;

      привлекать государственные органы, организации, специалистов и экспертов к подготовке материалов и документов, выносимых на рассмотрение маслихата, в порядке, установленном законодательством;

      осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      обеспечивать организационное, правовое, информационно-аналитическое, документационное и материально-техническое обеспечение деятельности маслихата, его органов и депутатов, включая подготовку материалов к заседаниям маслихата и его органов, а также иным мероприятиям, проводимым в рамках деятельности маслихата;

      обеспечивать соблюдение требований законодательства Республики Казахстан при осуществлении своей деятельности;

      осуществлять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      организационное обеспечение деятельности маслихата, его председателя, постоянных и временных комиссий, иных органов маслихата и депутатов;

      правовое обеспечение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов;

      организация подготовки, оформления и сопровождения проектов решений маслихата, иных документов и материалов, выносимых на рассмотрение маслихата и его органов;

      организационно-методическое обеспечение деятельности депутатов при осуществлении ими своих полномочий;

      информационно-аналитическое обеспечение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов;

      организационное обеспечение взаимодействия маслихата, его председателя, органов и депутатов с государственными органами, органами местного самоуправления, организациями, институтами гражданского общества и населением;

      информационное сопровождение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов, обеспечение взаимодействия со средствами массовой информации и информирования населения о деятельности маслихата;

      документационное обеспечение деятельности маслихата, его председателя, органов и депутатов, ведение делопроизводства и архивного хранения документов;

      организационное обеспечение рассмотрения обращений физических и юридических лиц, а также петиций, поступающих в маслихат, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      организация кадровой работы в Аппарате маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственной службе и трудовым законодательством;

      организация работы по вопросам соблюдения законодательства о государственной службе и противодействия коррупции;

      финансовое, материально-техническое и хозяйственное обеспечение деятельности аппарата маслихата и деятельности маслихата в пределах компетенции аппарата;

      осуществление иных функций в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия руководителя Аппарата маслихата

      16. Руководство деятельностью Аппарата маслихата осуществляется руководителем Аппарата маслихата, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Аппарата маслихата назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Руководитель Аппарата маслихата не имеет заместителя.

      19. Руководитель Аппарата маслихата осуществляет полномочия в соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      20. Исполнение полномочий руководителя Аппарата маслихата в период его отсутствия осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество аппарата маслихата

      21. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Аппаратом маслихата, относится к коммунальной собственности.

      23. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата

      24. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.