Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 97 қаулысы

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің:

      15-тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21) қоммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін бөлуді ұйымдастырады;

      22) қоммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;

      23) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      24) апатты тұрғын үйді бұзуды ұйымдастырады;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне тұрғын үйлерді беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      27) коммуналдық тұрғын үйде заңсыз тұратын адамдарды сот тәртібімен көшіру бойынша жұмыс жүргізеді;

      28) даму жоспарларын әзірлеу, келісу және орындалуын бақылау бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметін үйлестіреду даму жоспарларын әзірлеу, келісу және орындалуын бақылау бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорынның қызметін үйлестіреді;".

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданының әкімі Р. Қатпаев

О внесении дополнений в постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 5 марта 2022 года № 59 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района"

Постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 10 июля 2026 года № 97

      1. Внести в постановление акимата Денисовского района Костанайской области от 5 марта 2022 года № 59 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района" следующие дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 15 дополнить подпунктами 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) следующего содержания:

      "21) организует распределение жилья коммунального жилищного фонда;

      22) организует сохранение коммунального жилищного фонда;

      23) проводит инвентаризацию жилищного фонда;

      24) организует снос аварийного жилья;

      25) организует работу по обеспечению жильем отдельных категорий граждан в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;

      26) организует работу по передаче в собственность граждан жилищ из коммунального жилищного фонда на условиях, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан, и в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан;

      27) проводит работу по выселению в судебном порядке лиц, незаконно проживающих в коммунальном жилище;

      28) координирует деятельность подведомственного предприятия в части разработки, согласования и контроля за выполнением планов развития;".

      2. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог акимата Денисовского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) уведомление органов юстиции о внесенном изменении в вышеуказанное Положение;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление в филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Денисовского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Денисовского района Р. Катпаев