Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 46 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 31 қаулысы

      Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 46 "Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:

      "халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт құрылысжайларын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды";

      "бюджет қаражатының көлемдері шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді";

      "мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді";

      "мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және мақсатты игерілуінің барлық кезеңі мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді".

      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлау;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтынсарин ауданының әкімі А. Сартов

О внесении дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района от 26 апреля 2022 года № 46 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Алтынсаринского района"

Постановление акимата Алтынсаринского района Костанайской области от 11 марта 2026 года № 31

      Акимат Алтынсаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Алтынсаринского района от 26 апреля 2022 года № 46 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Алтынсаринского района" следующие дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Алтынсаринского района", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 14 дополнить следующем содержанием:

      "принимает меры по использованию во внеурочное и вечернее время спортивных сооружений организаций образования в целях обеспечения работы спортивных секций для населения и проведения спортивных мероприятий";

      "утверждает государственный спортивный заказ на финансирование спортивных секций для детей и юношества в пределах объемов бюджетных средств";

      "обеспечивает размещение государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества независимо от форм собственности поставщиков услуг государственного спортивного заказа, их ведомственной подчиненности, типов и видов";

      "обеспечивает исполнение всех этапов и процедур размещения, контроля качества и целевого освоения государственного спортивного заказа в электронном и общедоступном форматах".

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта акимата Алтынсаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции о внесенном изменении в вышеуказанное Положение;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Алтынсаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Алтынсаринского района А. Сартов