Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69 және 71-1-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Akbulak REE Ltd." жеке компаниясына Қостанай облысындағы Ақбұлақ учаскесінде сирек жерлерді барлау жөніндегі операцияны жүргізу үшін, Қостанай облысы Арқалық қаласы, Ашутасты ауылдық округінің мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 192,5891 гектар жер учаскесіне 2028 жылғы 19 ақпанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ә. Асанов |