Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"23) шағын архитектуралық нысандар – сәндік сипаттағы және практикалық пайдалану объектілері (көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды еске алу үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, мүсіндер, субұрқақтар, гүл құмыралары, павильондар, беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);"
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды, сәндік композицияларды, обелисктерді, монументалды кескіндеме туындыларын еске алу үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда, мүсіндер, стелалар;";
7 - параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-Параграф. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын ұстау";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Бау-бақша жиһазының, бау-бақша жабдықтарының және шағын сәулет нысандарының объектілері, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.";
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.";
157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсінділерін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері тікелей бірлескен басқару не кондоминиум объектісін басқару субъектілері не көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы өз бетінше немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
"Келісілді"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетінің Қостанай
облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің (РММ) басшысы
________________________ Е. Дәулетбаев
"____" _____________________ 2026 жыл
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
Полиция департаменті" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Е. Файзуллин
"___" _________________ 2026 жыл
"Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
экология департаменті" РММ басшысы
______________________ К. Елеусенов
"___" ___________________ 2026 жыл
"Қостанай облысы әкімдігінің
құрылыс, сәулет және қала
құрылысы басқармасы""
ММ басшысы
________________ Д. Тлеубаев
"___" ____________ 2026 жыл
"Қостанай облысы әкімдігінің
энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасы" ММ басшысы
________________ А. Жүнісов
"___" ____________ 2026 жыл