"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
| Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
| Мәслихаттың | |
| 2026 жылғы 2 наурыздағы | |
| № 272 шешіміне | |
| қосымша |
Қостанай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
Реттік нөмірі | Қалалар және елді мекендердің санаты | Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) | ||
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері | Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері | Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер | Монументтік өнер құрылыстары | |
1. | облыстық маңызы бар қалалар* | 0,8 | 0,6 | 1,0 |
2. | аудандық маңызы бар қалалар* | 0,6 | 0,4 | 0,8 |
3. | кенттер* | 0,4 | 0,4 | 0,6 |
4. | ауыл* | 0,2 | 0,2 | 0,4 |
Ескерту:
Мемлекеттік меншіктегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
Жалға алу ақысының мөлшерлемелері "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.
облыстық маңызы бар қалалар* - iрi экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекендер;
аудандық маңызы бар қалалар* - аумағында өнеркәсiптік кәсіпорындар, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдени-ағарту және сауда объектілерінің дамыған желісi бар, халқының саны кемiнде 10 мың адам болатын елдi мекендер;
кенттер* - халқының саны кемiнде 3 мың адам болатын елдi мекендер.
Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшiн келетiндердің саны кемiнде олардың жартысын құрайтын, емдiк маңызы бар жерлерде орналасқан елдi мекендер де кенттерге теңестiрiледi. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемiнде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
ауылдар* – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.