Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Занының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2026-2027 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2026-2027 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 13 тамыздағы | |
| № 239 қаулысына | |
| 1-қосымша |
2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мамандықтардың атауы | Орындар саны | Оқу жылында 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
2026 жыл | 2027 жыл | |||
1 | 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 240 | 152 421 | 312 336 |
2 | 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 189 | 152 421 | 312 336 |
3 | 01140500 Дене тәрбиесі және спорт | 210 | 152 421 | 312 336 |
4 | 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 130 | 152 421 | 312 336 |
5 | 01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша) | 100 | 163 075 | 334 017 |
6 | 02110400 Баспа ісі | 15 | 155 305 | 318 477 |
7 | 02120100 Интерьер дизайны | 45 | 171 163 | 352 255 |
8 | 02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 33 | 407 900 | 823 294 |
9 | 02150200 Музыка теориясы | 2 | 426 642 | 863 213 |
10 | 02150300 Вокалдық өнер | 10 | 426 642 | 863 213 |
11 | 02150400 Хорды дирижерлау | 8 | 419 699 | 853 284 |
12 | 02151000 Халық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 86 | 426 642 | 863 213 |
13 | 03220200 Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану | 50 | 152 421 | 312 336 |
14 | 04110100 Есеп және аудит | 302 | 163 075 | 334 017 |
15 | 04120100 Банк және сақтандыру ісі | 60 | 155 305 | 318 477 |
16 | 04120200 Бағалау (түрлері бойынша) | 15 | 155 305 | 318 477 |
17 | 04130100 Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | 30 | 155 305 | 318 477 |
18 | 04130200 Логистика (салалар бойынша) | 20 | 155 305 | 318 477 |
19 | 04140100 Маркетинг (салалар бойынша) | 30 | 155 305 | 318 477 |
20 | 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 115 | 163 075 | 334 017 |
21 | 06120200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері | 102 | 155 305 | 318 477 |
22 | 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 229 | 155 305 | 318 477 |
23 | 07130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) | 110 | 178 933 | 367 794 |
24 | 07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 127 | 178 933 | 367 794 |
25 | 07130400 Жылу техникалық жабдықтар және жылу мен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша) | 45 | 171 163 | 352 255 |
26 | 07130700 Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | 167 | 178 933 | 367 794 |
27 | 07140100 Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 133 | 155 305 | 318 477 |
28 | 07140500 Сандық техника (түрлері бойынша) | 25 | 155 305 | 318 477 |
29 | 07140600 Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 30 | 155 305 | 318 477 |
30 | 07140300 Мехатроника (салалар бойынша) | 25 | 155 305 | 318 477 |
31 | 07140700 Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару | 25 | 155 305 | 318 477 |
32 | 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 159 | 171 163 | 352 255 |
33 | 07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша) | 50 | 171 163 | 352 255 |
34 | 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 310 | 178 933 | 367 794 |
35 | 07151100 Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша) | 25 | 171 163 | 352 255 |
36 | 07160500 Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 75 | 171 163 | 352 255 |
37 | 07210200 Сүт және сүт өнімдерін өндіру | 25 | 171 163 | 352 255 |
38 | 07210100 Ет және ет өнімдерін өндіру | 20 | 171 163 | 352 255 |
39 | 07210300 Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі | 97 | 171 163 | 352 255 |
40 | 07211200 Элеватор, ұн тарту, жарма және құрама жем өндірісі | 27 | 171 163 | 352 255 |
41 | 07221400 Жиһаз өндірісі | 40 | 171 163 | 352 255 |
42 | 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 93 | 225 234 | 462 645 |
43 | 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 380 | 178 933 | 367 794 |
44 | 07161400 Автомобиль құрастыру | 50 | 171 163 | 352 255 |
45 | 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 145 | 178 933 | 367 794 |
46 | 07240300 Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу | 80 | 171 163 | 352 255 |
47 | 07240200 Маркшейдерлік іс | 25 | 171 163 | 352 255 |
48 | 07150700 Жүк көтергіш машиналар мен транспортерлар | 25 | 171 163 | 352 255 |
49 | 07240500 Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | 50 | 171 163 | 352 255 |
50 | 07310100 Архитектура | 50 | 171 163 | 352 255 |
51 | 07310200 Геодезия және картография | 30 | 171 163 | 352 255 |
52 | 07310300 Жерге орналастыру | 25 | 171 163 | 352 255 |
53 | 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 239 | 236 889 | 485 955 |
54 | 07320700 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану | 50 | 171 163 | 352 255 |
55 | 07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 25 | 171 163 | 352 255 |
56 | 07320300 Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері | 25 | 171 163 | 352 255 |
57 | 07880100 Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) | 27 | 152 421 | 312 336 |
58 | 08110100 Агрономия | 60 | 163 075 | 334 017 |
59 | 08210100 Орман шаруашылығы | 25 | 155 305 | 318 477 |
60 | 08410100 Ветеринария | 80 | 163 075 | 334 017 |
61 | 09120100 Емдеу ісі | 150 | 1 200 000 | 1 296 000 |
62 | 09130100 Мейіргер ісі | 150 | 1 200 000 | 1 296 000 |
63 | 09130200 Акушерлік іс | 25 | 1 200 000 | 1 296 000 |
64 | 09140100 Лабораториялық диагностика | 25 | 1 200 000 | 1 296 000 |
65 | 10120100 Шаштараз өнері | 30 | 171 163 | 352 255 |
66 | 10120200 Эстетикалық косметология | 15 | 171 163 | 352 255 |
67 | 10130100 Қонақ үй бизнесі | 30 | 155 305 | 318 477 |
68 | 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру | 404 | 178 933 | 367 794 |
69 | 10410200 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 25 | 171 163 | 352 255 |
70 | 10410300 Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 30 | 171 163 | 352 255 |
71 | 10320100 Өрт қауіпсіздігі | 25 | 170 844 | 349 557 |
Барлығы | 5 929 | |||
| Қостанай облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 13 тамыздағы | |
| № 239 қаулысына | |
| 2-қосымша |
Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мамандықтардың атауы | Орындар саны | Оқу жылында 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
2026 жыл | 2027 жыл | |||
1 | 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 25 | 152 421 | 312 336 |
2 | 04110100 Есеп және аудит | 20 | 155 305 | 318 477 |
3 | 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 20 | 155 305 | 318 477 |
4 | 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 15 | 171 163 | 352 255 |
5 | 09130100 Мейіргер ісі | 150 | 1 200 000 | 1 296 000 |
Барлығы | 230 | |||