2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2023 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің "Табиғи және технигендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығы негізінде Ақтау қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. 2026 жылдың 26 шілдеде Ақтау қаласы, 32 "А" шағын ауданы, № 5 көппәтерлі тұрғын үйдің № 4 кіреберісінде 1 мен 9 қабатқа дейінгі қабатаралық электроқалқандарында өрт шығып, электр желілері толықтай жанып кеткен. Өрт салдарынан 54 пәтер (100-153 номер аралығындағы пәтерлер) толықтай тоқсыз қалуына орай, техногендік сипаттағы нысандық төтенше жағдай жариялансын.
2. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ өкілі Г. Ережеповаға жедел штаб құрылсын және оны басқару жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Б. Балиұлына жүктелсін.
| Ә. Байпақов |