"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшері айқындалсын.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №134 "Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы" (Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 3947 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "___"__________ | |
| №____ қаулысына | |
| қосымша |
Маңғыстау облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерi
1. Көтермелеудің түрлері
1. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен наградтау;
3) ақшалай сыйақы төлеу;
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу;
7) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де түрлері.
2. Көтермелеудің тәртібі
2. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен облыс аудандарының әкімдіктерінде құрылған құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия отырыстарында қаралады.
3. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарда қоғамдық көмекші ретінде тіркелмеген азаматтарды да көтермелеуге құқылы, егер олар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе ашуға ықпал еткен болса.
4. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Маңғыстау облысының полиция департаменті бастығының бұйрығы құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.
5. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау үшін комиссия шешімі негізінде Маңғыстау облысының полиция департаментінің бастығы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тиісті ұсыну жолдайды.
3. Ақшалай сыйақы мөлшері
6. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін ақшалай сыйақы мөлшерін комиссия белгілейді және айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайды.
7. Ақшалай сыйақыны төлеуді Маңғыстау облысының полиция департаменті облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
8. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Маңғыстау облысының полиция департаментінің шығыстар құрамында көзделеді.