Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салу үшін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы және Бейнеу ауылы жерінен жалпы көлемі 501,555 гектар жер учаскелеріне "Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Бейнеу ауданы әкімдігінің назарына жеткізсін.
3. Бейнеу ауданының әкімдігі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:
заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "____" ________ | |
| №____ қаулысына қосымша |
"Beineu-Bozoi-Shymkent 2 Ltd" жеке компаниясына қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
|
|
| Қауымдық сервитут белгіленетін жердің жалпы ауданы, гектар |
Бейнеу ауданы | |||
1. | Аманжанов К.А. | 13-196-008-1044 | 7,2945 |
2. | Бокаев Ы.Х. | 13-196-008-184 | 0,3809 |
3. | Ауданбаев Н. Б. "Нұрлан " шаруа қожалықтары | 13-196-008-158 | 22,7666 |
4. | "КазАзот" ЖШС | 13-196-015-188 | 0,1528 |
5. | "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС | 13-196-014-453 | 0,0503 |
6. | "КазАзот" ЖШС | 13-196-001-318 | 0,0989 |
7. | "Интергаз Центральная Азия" АҚ | 13-196-001-040 | 0,5417 |
8. | "Logistic Union Service" ЖШС | 13-196-001-276 | 0,0974 |
9. | "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ | 13-196-014-429 | 0,0924 |
10. | "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ | 13-196-008-636 | 0,0005 |
11. | "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ | 13-196-008-658 | 0,0168 |
12. | "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ | 13-196-008-771 | 0,0005 |
13. | "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС | 13-196-001-413 | 0,0212 |
14. | "Интергаз Центральная Азия" АҚ | 13-196-001-239 | 0,0307 |
15. | "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ | 13-196-001-411 | 0,0005 |
16. | "Интергаз Центральная Азия" АҚ | 13-196-014-245 | 0,0328 |
17. | "KEGOC "электрлік басқару жөніндегі Қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company)"Акционерлік қоғамы | 13-196-014-009 | 0,1819 |
18. | cетями "(Кazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" | 13-196-008-924 | 0,0419 |
19. | "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ | 13-196-014-425 | 0,5113 |
20. | "Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры" ЖШС | 13-196-008-894 | 0,0285 |
21. | "Қазақстан темір жолы" ҰК " АҚ | 19-196-014-418 | 0,0415 |
22. | Бейнеу ауылы елді мекенінің жерлері | 57,4019 | |
Босалқы жерлер | 411,7695 | ||
Бейнеу ауданы бойынша барлығы: | 501,555 | ||