"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Жарқынбек |
|
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаменті Жаңақорған ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен |
| Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "08" шілдедегі № 102 қаулысына қосымша |
Жаңақорған ауданында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізу, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібі
1. Көтермелеудің түрлері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру;
4) Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
5) Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жолдау;
6) Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу;
2. Есепке алуды жүргізу және көтермелеудің тәртібі
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Жаңақорған ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Жаңақорған ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.
4. "Жаңақорған ауданы әкімдігі белгіленген заң нормаларына сай құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізеді.
5. Комиссияның құрамына аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкiлдерi енгiзiледi.
6. Комиссия қабылдаған шешiм – көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
8. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
9. Ақшалай сыйақыны төлеудi көтермелеуге ұсыныс енгiзген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi