"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | М. Ергешбаев |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы "9" маусымдағы № 109 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6542 болып тіркелген);
2. "Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 1357 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6758 болып тіркелген);
3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемдерін белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 143 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7886 болып тіркелген).