"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | М. Ергешбаев |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы "2" маусымдағы № 103 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
1. Алғыс жариялау.
2. Грамотамен наградтау.
3. Ақшалай сыйақы төлеу.
Ақшалай сыйақы айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде төленеді.
4. Білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу.
5. Ұйымдарға, кәсіпорындарға көтермелеу туралы ұсынымдарды жолдау.
6. Құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградамен марапаттау және оларға құрметті атақ беру туралы ұсыныстар енгізу.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.