"Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі" Қазақстан Республикасы Кодексінің 142-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну тарифтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 4 қаулысына қосымша |
2026 жылға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну тарифтері
№ | Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер атауы | Қызмет алушылар санаттары | Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдар түрлері |
Күніне |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар (қарттар); | стационар | 13557,96 |
жартылай стационар | 7262,96 | |||
2 | "№ 2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар | стационар | 13642,36 |
жартылай стационар | 14005,10 | |||
3 | "Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар | стационар | 19176,60 |
4 | "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар (қарттар); | жартылай стационар | 18550,84 |
5 | "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар | стационар | 39140,13 |
жартылай стационар | 16562,4 | |||
тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар | жартылай стационар | 17631,06 | ||
6 | Үкіметтік емес ұйым | тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары | уақытша болу жағдайындағы | 4780,08 |
адам саудасының құрбандары | уақытша болу жағдайындағы | 6250,02 |