Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2025 жылғы 20 мамырдағы № 28/216 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6773-09 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2-тараудың 7-тармағының 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"16) жетім болуы, ата-ана қамқорлығының болмауы, жылына 1 рет беріледі, әлеуметтік көмектің мөлшері 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;";
2-тараудың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) әлеуметтік маңызы бар, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған ауруы болған кезде, балаларға, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек он сегіз жасқа дейінгі баланың заңды өкіліне Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,0 (екі) еселенген мөлшерінде, ай сайын көрсетіледі;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Исатаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Приозерск қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы ______________ А.Ю.Литош
"28" қаңтар 2026 жыл