Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 2/4 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.А. Айдархановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Ахметов

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 08 қаңтардағы № 2/4
"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ұйымдар немесе мекемелер
жұмыскерлерінің
лауазымдық айлықақыларына жергілікті
бюджет қаражаты есебінен ынталандыру
үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен
шарттарын айқындау туралы"
қаулысына қосымша

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақыларды белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – Тәртіп) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3)-тармақшасының негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі

      2. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандырушы үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілік қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік сұраным жібереді.

      3. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес қалалық бюджет комиссиясының қарауына ынталандырушы үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.

      4. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақылар белгілеуді ұйым немес мекеме басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде немесе ұйым басшысының дербес ұсынуы негізінде жүргізіледі.

      Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақыларын белгілеу ұйым немесе мекеме басшысының ұсынысы негізінде жүргізілуі мүмкін.

      Ұйым немесе мекеменің басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі немесе лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыны белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Қызметкер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.

      5. 12 – тармақта көрсетілген шарттар қызметкерлерге ынталандырушы үстемеақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.

      6. Ұсыныста жұмыскердің тегі мен лауазымы, тәртіптік жазаның жоқтығы туралы негіздер, мәліметтер және ауқалалық мәслихаттың шешімімен белгіленген үстемеақы мөлшері көрсетіледі.

3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар немесе мекемелер жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары

      7. Ынталандыру үстемеақылары жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады.

      8. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.

      9. Ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың өзге түрлерін (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қызмет көрсету аймағының кеңеюі, үстеме жұмыс және басқалар үшін үстемеақылар) төлеуді тоқтатуға негіз болып табылмайды.

      10. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.

      11. Ынталандыру үстемеақыларды белгілеу құқығын беретін жұмыскерлер қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері;

      4) ұйымның немесе мекеменің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысының шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындауы;

      5) егер уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру алмастырушы жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және / немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босатпай орындау;

      6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштастырылған жұмыстағы жеткілікті тәжірибе (жұмыс өтілі) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен жүктеу;

      7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын құжаттармен олардың орындалу көлеміне қарай, сондай - ақ оның кейбір құқықтарын шектегені және қосымша жауаптылығы үшін жұмысты жүзеге асыру;

      8) объективті мән - жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек жарақаты, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы болып табылады.

      12. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы жұмыскерлерге белгіленбейді:

      1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;

      2) ұйымда немесе мекемеде бір айдан кем жұмыс істегендерге;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңіне;

      4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;

      5) қызметкерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;

      6) қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;

      7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;

      8) оқу демалысы кезеңінде;

      9) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;

      10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.

      13. Ынталандыру үстемеақылар және олардың мөлшері Приозерск қалалық мәслихатының шешімімен белгіленеді.

      14. Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы керек.

      15. Ынталандырушы үстемеақылар төлеуге арналған бюджет қаражаты бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ұйымның немесе мекеменің қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылы көзделуге тиіс.

Об определении порядка и условий установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата города Приозерск Карагандинской области от 8 января 2026 года № 2/4

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее постановление вводится в действие с 01.01.2026.

      В соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", акимат города Приозерск ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить прилагаемый порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета, согласно приложению.

      2. Государственному учреждения "Отдел экономики и финансов города Приозерск" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Т.А. Айдарханова.

      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2026 года.

      Аким города М. Ахметов

  Приложение к постановлению
акимата города Приозерск
от "08" января 2026 года № 2/4
"Об определении порядка и условий
установления за счет средств местного
бюджета стимулирующих надбавок
к должностным окладам работников
организаций или учреждений,
финансируемых из местного бюджета"

Порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета (далее – Порядок) разработаны на основании подпункта 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" и определяют порядок и условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета.

Глава 2. Порядок установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений , финансируемых из местного бюджета

      2. Администратором бюджетной программы на основании установленного размера стимулирующих надбавок формируется потребность в дополнительных бюджетных средствах и направляется бюджетный запрос в местный уполномоченный орган по бюджетному планированию.

      3. Местный уполномоченный орган по бюджетному планированию в соответствии с требованиями Бюджетного законодательства Республики Казахстан выносит на рассмотрение городской бюджетной комиссии дополнительную потребность по стимулирующим надбавкам.

      4. Установление за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностному окладу производится приказом руководителя организации или учреждений либо лица, его замещающего на основании письменного представления руководителей самостоятельных структурных подразделений либо самостоятельно руководителем Организации или учреждений.

      Руководителям структурных подразделений установление за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностному окладу может производиться на основании представления руководителя Организации.

      Руководитель организации или учреждений в результате рассмотрения Представления согласовывает в течение 10 рабочих дней со дня его регистрации либо отказывает в течение 5 рабочих дней со дня регистрации с обоснованием причин отказа в установлении стимулирующей надбавки к должностному окладу. Работник уведомляется об отказе в течение 2 рабочих дней после вынесения решения.

      5. Основаниями для отказа в выплате работникам стимулирующих надбавок являются условия, указанные в пункте 12.

      6. В представлении указываются фамилия и должность работника, основания, сведения об отсутствии дисциплинарного взыскания и размер надбавки, установленного решением городского маслихата.

Глава 3. Условия установления за счет средств местного бюджета стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций или учреждений, финансируемых из местного бюджета

      7. Стимулирующие надбавки являются выплатами, устанавливаемыми с целью мотивирования персонала.

      8. Стимулирующие надбавки, являются дополнительными выплатами к уже имеющимся видам материальной помощи и стимулирующих выплат, предусмотренных Трудовым кодексом Республики Казахстан, постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2001 года № 1127 "Об утверждении Правил премирования, оказания материальной помощи и установления надбавок к должностным окладам работников органов Республики Казахстан за счет средств государственного бюджета, а также выплаты бонусов административным государственным служащим".

      9. Выплата стимулирующих надбавок не является основанием для прекращения выплачиваемых видов стимулирования труда работников (премии, доплаты, надбавки за совмещение должностей, за расширение зоны обслуживания, сверхурочные и другие).

      10. Выплата стимулирующих надбавок к должностным окладам работников осуществляется ежемесячно в течение календарного года.

      11. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности работника, дающими право на установление стимулирующих надбавок, являются:

      1) соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины;

      2) результаты работы за определенный период;

      3) образцовое и безупречное выполнение должностных обязанностей, выполнение заданий особой важности и сложности и другие достижения в работе;

      4) выполнение неотложной и заранее непредвиденной работы, от срочного выполнения которой зависит в дальнейшем нормальная (бесперебойная) работа Организации.

      5) выполнение функций, сокращенных и/или временно отсутствующих работников без освобождения от своей основной работы, если замещение временно отсутствующего работника не входит в должностные обязанности замещающего работника;

      6) возложение на него расширенного круга обязанностей, достаточный опыт (стаж) и навыки в работе, сочетающиеся с высоким профессиональным уровнем и компетенцией, с успешным их применением на практике;

      7) осуществление работы с документами, содержащими сведения, составляющие государственные секреты, в зависимости от объема их исполнения, а также за ограничение некоторых его прав и дополнительную ответственность;

      8) при переводе (назначении) работника на нижеоплачиваемую должность (более легкую работу), связанном с объективными обстоятельствами: трудовое увечье, профессиональное заболевание или иное повреждение здоровья, полученное в связи с исполнением трудовых обязанностей в этом органе, до восстановления трудоспособности либо установления инвалидности.

      12. Стимулирующая надбавка к должностным окладам не устанавливается работникам:

      1) при наличии неснятого дисциплинарного взыскания;

      2) проработавшим в организации или учреждений менее одного месяца;

      3) на период прохождения испытательного срока;

      4) в случае временного исполнения функций соответствующей категории должности;

      5) в период привлечения работника к материальной ответственности;

      6) в период временной нетрудоспособности работника;

      7) в период отпуска без сохранения заработной платы;

      8) в период учебного отпуска;

      9) в период отпуска в связи с беременностью и рождением ребенка (детей), усыновлением (удочерением) новорожденного ребенка (детей);

      10) в период отпуска без сохранения заработной платы по уходу за ребенком до достижения им возраста трех лет.

      13. Стимулирующие надбавки и их размер устанавливаются решением Приозерского городского маслихата.

      14. Стимулирующие надбавки могут быть пересмотрены на ежегодной основе, исходя из анализа основных показателей оплаты труда, возможностей бюджета и в случае изменения законодательства Республики Казахстан.

      15. Бюджетные средства на выплату стимулирующих надбавок к должностным окладам работников бюджетных организаций должны быть предусмотрены в плане финансирования (плане развития) организации или учреждений каждый финансовый год.