Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабына, 71-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Осакаров ауданының Жансары ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес "Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2030 жылдың 12 қыркүйек дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Жансары ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 89 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. "Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жансары ауылдық округінің әкімі | А. Ибрагимова |
| Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы "30" қаңтардағы №1 шешіміне қосымша |
Қатты пайдалы қазбаларды барлау шекараларындағы, оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын жер учаскелерінің тізбесі
р/с | Кадастрлық нөмірі | Жер учаскесінің орналасқан жері | Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га |
1. | 09-137-036-320 | Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, Аманқоңыр ауылының жерлері | 89 |
Барлығы | 89 |