Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6714-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің және атаулы күндерінің тізбесі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;
3) Чернобыль АЭС апатты еске алу күні – 26 сәуір;
4) Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
5) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - 9 мамыр;
6) Қарттар күні - 1 қазан;
7) Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні – қазан айының екінші жексенбісі;
8) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан.
Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
Оқу жиындарына шақырылған, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлеріне – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған және бұрын "Батыр Ана" атағын алған I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ құрамында төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 26 сәуір - Чернобыль АЭС апатты еске алу күні:
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 7 мамыр - Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі icтep министрлігігің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан -Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілері, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі icтep және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) 9 мамыр - Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы әскер мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiге – 1156 (бір мың бір жүз елу алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 1156 (бір мың бір жүз елу алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 1 қазан - Қарттар күні:
75 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
7) Қазан айының екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні:
бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
жеті жасқа дейінгі мүгедекігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға-10 (он) айлық есептік көрсеткіш;
8) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қурғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – 95 (тоқсан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі:
1) дүлей апат орын алған жерде тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне - бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрттің салдарынан зардап шеккен, өрт орын алған жерде тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған сәттен бастап алты ай ішінде, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне - бір рет 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;
2) коммуналдық қызметтерді ақы төлеуге әлеуметтік көмек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының тізіміне сәйкес, жылыту маусымы үшін жылына 1 (бір) рет 24 (жиырма төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде келесі санаттарға көрсетіледі:
Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметкерлеріне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне;
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан -Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілері, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі icтep және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
3) қатты отынды сатып алуға 2 (екі) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс болуы және олардаың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі болып табылатын жалғыз тұратын зейнеткерлік жасқа толған қарт адамдарға және тұрғылықты жері бойынша еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары жоқ және 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға - тиісті қаржы жылына белгіленген жылыту маусымына арналған 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;
қатты отынды сатып алуға 2 (екі) ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа кіріс болуы және олардың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматарға) - тиісті қаржы жылына белгіленген жылыту маусымына арналған 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш көрсетіледі;
4) Әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы, адамның (отбасының) жан асына шаққандағы тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгенең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен астайтын, жылына 1(бір) рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі, туберкулез ауруы бар тұлғалар, созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар, хрониодиализдегі адамдар мен адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балалар үшін бұл ереже қолданылмайды.
- туберкулез ауруы бар тұлғаларға жылына 1 (бір) рет, жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар, хрониодиализдегі адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай,жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
- адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауруы бар балаларға жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмағанда, ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
5) Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көпбалалы отбасыларға ақша түріндегі әлеуметтік көмек "Осакаров ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде тоқсан сайын беріледі, және ол ата-аналардың факті бойынша төлеген төлемдерінің 50 пайызын құрайды, аталған төлемдер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында уәкілетті органмен бекітілген, бірақ әрбір балаға ең көп дегенде 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштен аспайды;
6) Санаторий-курорттық емдеуге әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес, кірістері есепке алынбай, жылына 1 (бір) рет 14 күннен аспайтын, мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий- курорттық емдеудің кепілдендірілген сомасынан аспайтын жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының аумағындағы (заңға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіби ауруға шалдыққан мүгедектігі барларды қоспағанда, жеке абилитация және оңалту бағдарламасы бойынша жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі бар) санаторийлік-курорттық емдеуге, жылына 1 (бір) рет бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен бірге жүретін тұлғаларға санаторийлік-курорттық ұйымдағы тұру құнын өтеу ретінде ұсынылатын әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген соманың 70 пайызынан аспауы тиіс;
санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек 70 жастан асқан зейнеткерлерге, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 (екі) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, жолдама құнының 30 пайызы мөлшерінде төлем жасай отырып санаторий-курорттық ұйымда болу құнын өтеу түрінде жылына 1 (бір) рет, 12 күннен аспайтын мерзімге, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін; белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын мөлшерде көрсетіледі;
санаторлық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге, зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек қолданылмайды;
Әлеуметтік көмек өтініш негізінде мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынылады:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) счет-фактура;
3) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар актісі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген);
4) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамындағы шот нөмірі туралы мәліметтер.
Санаторий-курорттық емдеуден өту орнына дейін және кері қайту жол жүру құнын төлеу санаторий-курорттық ем алушының өз қаражаты есебінен жүргізіледі;
7) тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 (бір) еселігінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған кезде әлеуметтік көмек жылына 1 (бір) рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға анықтама негізінде босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей;
Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) негізінде есептеледі.
Отбасының құрамы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларының 10-тармағына сәйкес айқындалады.
Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есепті кезеңдегі (алдыңғы тоқсандағы) отбасының жиынтық табысын көрсетілген кезеңдегі айлар санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Осакаров ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мынадай:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.";
19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:
біржолғы төлемдер бойынша күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.";
20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Қ. Саккулаков |