БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қаржылық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы", "Ақтау" және "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармалары осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарын бір ай мерзімде хабардар етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Комитет Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор |
Е. Алдажұманов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 51қе бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 16 шілдедегі № 283-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179061 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Алматы" жабдықтау басқармасы туралы ережеде:
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен жоспарлау құжаттарының негізінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру;".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 16 шілдедегі № 288-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179063 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Ақтау" жабдықтау басқармасы туралы ережеде:
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен жоспарлау құжаттарының негізінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі шеңберінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру;".
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 2022 жылғы 16 шілдедегі № 286-қа бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179056 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Жаңғызтөбе" жабдықтау басқармасы туралы ережеде: