Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 190 "Нұра ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (ҚР НҚА мемлекеттік тізімінде № 217306 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Нұра ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарының тоғызыншы абзацы 11) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"11) осы Жоспарға 6-қосымшаға сәйкес Нұра ауданы бойынша жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы.";
Нұра ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Нұра аудандық мәслихатының төрағасы | К. Жунусбеков |
| Нұра аудандық мәслихатының 2026 жылғы "13" сәуір № 233 шешіміне қосымша |
|
| Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 6-қосымша |
Нұра ауданы бойынша жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасы
Аудан | Табиғи аймақ | Экологиялық географиялық аудандар (кіші аймақтар) | Жайылым типі (басымы) | Жайылым кезеңінің ұзақтығы, күн | Қалпына келтірілген және деградацияланған алқаптардағы ауыл шаруашылығы жануарларының 1 басына арналған жайылым алаңының нормасы, гектар | |||||||
Ірі қара мал | қой мен ешкілер | жылқылар | түйелер | |||||||||
қалпына келтірілген | деградацияланған | қалпына келтірілген | деградацияланған | қалпына келтірілген | деградацияланған | қалпына келтірілген | деградация ланған | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Нұра | Далалы | Орташа құрғақ дала | Сортаң жерлердегі көделі-бетегелі, жусанды-көкпектілер | 180-190 | 13,0 | 19,0 | 2,6 | 3,8 | 15,6 | 22,8 | 18,2 | 26,2 |
Қылқанбозды-бетегелі-бұталылар, жусандар | 12,5 | 18,5 | 2,5 | 3,7 | 15,0 | 22,2 | 17,5 | 25,9 | ||||
Құрғақ дала | Көделі- бетегелі- бұталылар, жусанды | 180-190 | 9,5 | 14,0 | 1,9 | 2,8 | 11,4 | 16,8 | 13,3 | 19,6 | ||
Қылқанбозды-бетегелі -көделілер мен түрлі шөптесіндер | 9,5 | 14,0 | 1,9 | 2,8 | 11,4 | 16,8 | 13,3 | 19,6 | ||||
Шөлденген дала | Көделі- бетегелі- жусанды | 190-210 | 15,0 | 25,0 | 3,0 | 5,0 | 18,0 | 30,0 | 21,0 | 35,0 | ||
Шөлді | Далаланған шөл (жартылай шөлейт) | Көделі-бетегелі-жусанды | 210-240 | 13,5 | 22,5 | 2,7 | 4,5 | 16,2 | 27,0 | 18,9 | 31,5 | |