Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Қосымшаға сәйкес "Қарқаралы ауданының дене шыңықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
3. "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
- осы қаулының электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
4. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 55 "Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
| Қарқаралы ауданының әкімі | С. Мусин |