"Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 қаулысы

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 31-бабының 1-тармағының 39) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республиксы Заңының 18-бабына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. С.Мусин

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
20___ жылғы "__" _________
№ ______ қаулысымен
бекітілген

"Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) Қарқаралы ауданының аумағында "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 256-НҚ бұйрығына, "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіті туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығына, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

      3. Орталықтың құрылтайшысы мемлекеттік атқарушы орган – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігі болып табылады.

      Құрылтайшының заңды мекенжайы: 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 23 үй.

      4. Отбасын қолдау орталығының атауы:

      мемлекеттік тілде: "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілде: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".

      5. Орталықтың тұрған жері: индекс 100800, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 14 үй.

2. Орталықтың заңдық мәртебесі

      6. Орталықтың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Орталықтың атауы жазылған мөрі болады.

      7. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.

      8. Орталық өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Орталық ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

      9. Орталықтың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Орталық қызметінің мәні мен қызметтері

      10. Орталық қызметінің мәні мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды көрсету болып табылады.

      11. Орталық қызметінің мақсаты барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.

      12. Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қолдауымен, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;

      3) мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

      4) жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      5) мемлекеттік отбасы саясатының үрдістерін мониторингілеу және талдау;

      6) "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің үйлестіруімен, өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары қатысқан кезде өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыру;

      7) консультациялық көмек көрсету, бағалау жүргізеді және адамның (отбасының) мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаждығын айқындау;

      8) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша өзге де шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асыру.

      Орталық осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

      13. Орталық Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле: тиісті саланың уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, аудан әкімі аппаратының, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Орталықты басқару

      14. Орталықты жалпы басқаруды "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      15. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Орталық мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) Орталықтың жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      3) Орталықтың қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      4) Орталық басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

      5) Орталықтың құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

      6) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16. Орталық басшысын "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. Орталық басшысы Орталықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және Орталыққа жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

      18. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Орталық қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      19. Орталық басшысының Орталықпен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

      20. Орталық қызметінің жүзеге асыруы барысы Орталық басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Орталық атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Орталықтың мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) Орталықтың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      9) Орталық қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолданады;

      10) Орталық қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;

      11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен жүктелген озге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

      21. Орталық мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Орталықтың мүлкі мыналардың:

      1) оған меншік иесі берген мүлік;

      2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржык өздере себінен құрылады.

      22. Орталық дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен Орталыққа кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, Орталықтың қызметі Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырады.

      25. Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

      26. Орталықтың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

6 - тарау. Орталықтағы жұмыс тәртібі

      27. Орталықтың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7 - тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізі тәртібі

      28. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарқаралы ауданының әкімдігінің қаулына сәйкес жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімімен өтеді.

8 - тарау. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      29. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қарқаралы ауданының әкімдігімен жүзеге асырады.

      30. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекемені мүлкін "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.

      31. Таратылған Орталықтың мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

О создании коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района"

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 6 января 2026 года № 1

      В соответствии со статьей 5-1 Кодекса Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", подпунктом 39) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", а также Приказом Министра культуры и информации Республики Казахстан от 14 июня 2024 года № 256-НҚ "Об утверждении Правил осуществления деятельности центров поддержки семьи", акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".

      2. Утвердить Устав коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района";

      2) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Каркаралинского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. акима Каркаралинского района С. Мусин

  Утвержден
постановлением акимата
Каркаралинского района
от "__" _____ 20___ г. № ______

Устав коммунального государственного учреждения "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" (далее – Центр) является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица, созданной в организационно-правовой форме учреждения, для осуществления функций по реализации мер государственной семейной политики, в том числе мер по сохранению брака и семьи, разрешению семейных конфликтов, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье" на территории Каркаралинского района Карагандинской области.

      2. Центр осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Социального кодекса Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 14 июня 2024 года №256-НҚ "Правила осуществления деятельности Центров поддержки семьи", с приказом Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 14 июня 2024 года № 192 "Правила координации работы по охвату лиц (семей), оказавшихся в трудной жизненной ситуации, всесторонней поддержкой в пределах компетенции государственных органов", а также настоящим Положением.

      3. Учредителем Центра является государственный исполнительный орган - акимат Каркаралинского района Карагандинской области.

      Юридический адрес учредителя: 100800, Карагандинская область, Каркаралинский район, город Каркаралинск, улица Аубакирова, дом 23.

      4. Полное наименование Центра:

      на государственном языке: "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қарқаралы ауданының отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: коммунальное государственное учреждение "Центр поддержки семьи Каркаралинского района" государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".

      5. Место нахождения Центра: 100800, Карагандинская область, Каркаралинский район, город Каркаралинск, улица Аубакирова, дом 14.

2. Юридический статус Центра

      6. Центр имеет самостоятельный баланс, счета в банках в соответствии с законодательством Республики Казахстан, бланки, печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и наименованием Центра.

      7. Центр не может создавать, а также выступать учредителем (участником) другого юридического лица, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан.

      8. Центр отвечает по своим обязательствам, находящимся в его распоряжении деньгами. При недостаточности у Центра денег субсидиарную ответственность по его обязательствам несет Республика Казахстан или административно-территориальная единица средствами соответствующего бюджета.

      9. Гражданско-правовые сделки Центра вступают в силу после их обязательной регистрации в территориальных подразделениях казначейства Министерства финансов Республики Казахстан.

3. Предмет и цель деятельности Центра

      10. Предметом деятельности Центра является оказание мер государственной семейной политики, в том числе мер по сохранению брака и семьи, разрешению семейных конфликтов.

      11. Целью деятельности Центра является оказание помощи и всесторонней поддержки всем обратившимся лицам (семьям) на добровольной основе.

      12. Для достижения цели Центр осуществляет следующие виды деятельности:

      1) координацию работы по охвату поддержкой лиц (семей), оказавшихся в трудной жизненной ситуации, государственными органами в пределах своей компетенции, в том числе посредством интегрированной модели;

      2) содействие в оказании социальной, юридической и психологической поддержки лицам (семьям), оказавшимся в трудной жизненной ситуации;

      3) информационно-разъяснительную работу о направлениях и мерах государственной семейной политики;

      4) взаимодействие с местными исполнительными органами, организациями, волонтерами, консультативно-совещательными органами по вопросам реализации государственной семейной политики, профилактики бытового насилия;

      5) мониторинг и анализ тенденций государственной семейной политики;

      6) организацию работы мобильных групп по раннему выявлению и организации оказания поддержки лицам (семьям), находящимся в трудной жизненной ситуации, при участии органов образования, здравоохранения, внутренних дел в пределах своей компетенции под координацией государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района";

      7) оказание консультативной помощи, проведение оценки и определение потребности лица (семьи) в мерах государственной поддержки;

      8) реализацию иных мер по профилактике бытового насилия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Центр не вправе осуществлять деятельность, а также совершать сделки, не отвечающие предмету и целям его деятельности, закрепленным в настоящем уставе.

      13. Сделка, совершенная Центром в противоречии с целями деятельности, определенно ограниченными законами Республики Казахстан или учредительными документами, либо с нарушением уставной компетенции его руководителя, может быть признана недействительной по иску: уполномоченного органа соответствующей отрасли, уполномоченного органа по государственному имуществу, местного исполнительного органа, аппарата акима района, прокурора.

4. Управление Центром

      14. Общее управление Центром осуществляет государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".

      15. Государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) осуществляет контроль за сохранностью имущества Центра;

      2) утверждает устав Центра, вносит в него изменения и дополнения;

      3) утверждает план финансирования Центра;

      4) определяет права, обязанности и ответственность руководителя Центра, основания освобождения его от занимаемой должности;

      5) утверждает структуру и предельную штатную численность Центра;

      6) осуществляет иные полномочия, возложенные на него настоящим уставом и иным законодательством Республики Казахстан.

      16. Руководитель Центра назначается на должность и освобождается от должности государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".

      17. Руководитель Центра организует и руководит работой Центра, непосредственно подчиняется государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Центр задач и осуществление им своих функций.

      18. Руководитель Центра действует на принципах единоначалия и самостоятельно решает вопросы деятельности Центра в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим уставом.

      19. Действия руководителя Центра, направленные на осуществление Центром неуставной деятельности, являются нарушением трудовых обязанностей и влекут применение мер дисциплинарной и материальной ответственности.

      20. Руководитель Центра в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) без доверенности действует от имени Центра;

      2) представляет интересы Центра в государственных органах, иных организациях;

      3) заключает договоры;

      4) выдает доверенности;

      5) утверждает планы Центра по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и иным видам повышения квалификации сотрудников;

      6) открывает банковские счета;

      7) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      8) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников Центра;

      9) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Центра, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      10) определяет обязанности и круг полномочий сотрудников Центра;

      11) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан и настоящим уставом.

5. Порядок образования имущества Центра

      21. Имущество Центра составляют активы юридического лица, стоимость которых отражается на его балансе. Имущество Центра формируется за счет:

      1) имущества, переданного ему собственником;

      2) имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности;

      3) иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Центр не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выделенных ему по смете.

      23. Если законами Республики Казахстан Центру предоставлено право, осуществлять приносящую доходы деятельность, то деньги, полученные от такой деятельности, подлежат зачислению в соответствующий бюджет, за исключением денег от реализации товаров (работ, услуг), производимых государственными учреждениями в сферах, предусмотренных пунктом 2 статьи 161 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      24. Деятельность Центра финансируется из бюджета Каркаралинского района Карагандинской области, если дополнительный источник финансирования не установлен законами Республики Казахстан.

      25. Центр ведет бухгалтерский учет и представляет отчетность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      26. Проверка и ревизия финансово-хозяйственной деятельности Центра осуществляется уполномоченным органом соответствующей отрасли в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 6. Режим работы в Центре

      27. Режим работы Центра устанавливается правилами внутреннего трудового распорядка и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

Глава 7. Порядок внесения изменений и дополнений в учредительные документы

      28. Внесение изменений и дополнений в учредительные документы Центра производится согласно постановления акимат Каркаралинского района и проходят процедуру государственной регистрации в органах юстиции в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств".

Глава 8. Условия реорганизации и ликвидации Центра

      29. Реорганизацию и ликвидацию Центра осуществляет акимат Каркаралинского района.

      30. Имущество ликвидированного государственного юридического лица, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, перераспределяется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района".

      31. Деньги ликвидированного Центра, включая средства, полученные в результате реализации имущества этого юридического лица, оставшиеся после удовлетворения требований кредиторов, зачисляются в доход соответствующего бюджета.