Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №12/01 "Қарағанды облысында жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6725-09 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |