"Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 379-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 25.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесінде:

      2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджет есептілігін, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жариялануға тиіс өзге де материалдарын, ақпараттарын және бюджет процесінің құжаттарын орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар паспорттарын жария талқылауды және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық ресурс;

      2) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық ресурс;

      3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық ресурс;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ "Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства"

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра культуры и информации Республики Казахстан от 7 августа 2026 года № 379-НҚ

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 25 августа 2026 года.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ "Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33916) следующие изменения:

      в Методике сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства, утвержденной указанным приказом:

      подпункты 1), 2) и 3) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) интернет-портал открытых бюджетов – государственный цифровой ресурс, обеспечивающий размещение бюджетной отчетности, консолидированной финансовой отчетности, гражданского бюджета, результатов государственного аудита и финансового контроля и иных материалов, информации и документов бюджетного процесса, подлежащих публикации в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан, а также публичное обсуждение паспортов бюджетных программ и отчетов о реализации бюджетных программ;

      2) интернет-портал открытого диалога – государственный цифровой ресурс, обеспечивающий возможность направления пользователями информации запросов посредством блог-платформы первых руководителей субъектов квазигосударственного сектора, за исключением лиц со стопроцентным участием государства, а также участия пользователей информации в интернет-конференциях и опросах;

      3) интернет-портал открытых нормативных правовых актов – государственный цифровой ресурс, обеспечивающий размещение проектов нормативных правовых актов и иной информации, за исключением информации с ограниченным доступом в соответствии с Законом Республики Казахстан "О доступе к информации" для проведения процедуры публичного обсуждения;".

      2. Департаменту развития коммуникаций государства и общества Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и информации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 25 августа 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      Заместитель Премьер-Министра –
Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан