ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13943 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив істері саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде төрт жыл не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғадар үшін кемінде бес жыл, не архив саласында кемінде үш жыл немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар үшін басшы лауазымдарда басым мамандықтар бойынша оқу орындарында, жұмыс органы бекітетін, кадрлар даярлау бағыттары бойынша басым мамандықтар "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін;";
9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында немесе басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл не Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған тұлғадар үшін кемінде бес жыл, не архив саласында кемінде екі жыл немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалар үшін басшы лауазымдарда басым мамандықтар бойынша оқу орындарында, жұмыс органы бекітетін, кадрлар даярлау бағыттары бойынша басым мамандықтар "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін;";
15-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында кемінде үш жыл немесе басшы лауазымдарда не архив саласында кемінде екі жыл немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғадар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғадар үшін "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін.";
18-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында кемінде екі жыл немесе басшы лауазымдарда не архив саласында кемінде бір жыл немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғадар үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін.";
21-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық мемлекеттік архивтер, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша және "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша ғылыми дәрежесі бар тұлғалар үшін.";
24-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында немесе кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша: "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша кемінде екі жыл болуы қажет.";
27-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында немесе кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша: "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша кемінде бір жыл болуы қажет.";
30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) республикалық мемлекеттік архивтер, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив ісі саласында немесе кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша: "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша кемінде бір жыл болуы қажет.";
1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық мемлекеттік архивтер, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында немесе кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша: "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша кемінде үш жыл;";
2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық мемлекеттік архивтер, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында немесе кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша: "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша кемінде екі жыл;";
3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық мемлекеттік архивтер, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері үшін – архив саласында немесе кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша: "Тарих", "Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету", "Автоматтандыру және басқару", "Ақпараттық жүйелер", "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Филология", "Құқықтану" мамандықтары бойынша кемінде бір жыл;".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |