БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 379-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 379-НҚ бұйрығымен бекітілген"; |
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату субъектілерінің қызметін лицензиялау жолымен масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Функциялар:
1) жалпы функциялар:
стратегиялық:
Комитет құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
Комитет құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарымен бекітуге тікелей құзыреті болған жағдайда Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитет құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
жүзеге асыру:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және мемлекеттiк органның басшы лауазымды адамдарының өзге де ресми құжаттардан туындайтын тапсырмаларының (iске асырылуы құқықтық актiлерде көзделген қызметтiң) және жеке қолданылатын құқықтық актiлердiң орындалуына iшкi бақылауды жүзеге асыру;
қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сұрау салуы бойынша хабарлама әдiсiнiң толықтығы және нормативтiк саясат жөнiндегi консультативтік-кеңес құжатын қоғамдық талқылауды жүргiзу әдiстерiнiң (әдiстерiнiң) толықтығы туралы қорытындыны ұсыну;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
ақпараттық қолдау және түсіндіру бағдарламасының жобасын үйлестіру; Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның орындалуын бақылау;
Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және насихаттау бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
Комитет құзыреті шегінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізуді, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптар мен оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеу; халықты ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, үгіт-насихат және қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
әрекеттерi (әрекетсiздiгi) ұлттық мүдделердiң бұзылуына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне қатер төндiруге әкеп соғатын лауазымды адамдар мен мемлекеттiк қызметшiлердi Комитет құзыретi шегiнде жауапқа тарту;
Комитеттің құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
Комитет құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу; Комитеттің құзыреті шегінде көрсетілген қызмет актілерін қарау және бекіту;
мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, сараптамалық қорытындылар алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жолдау;
Комитеттің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау; Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Комитет құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
Комитет құзыретіне кіретін тиісті салаларда келісімдер, меморандумдар мен шарттар әзірлеу;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (ауданына) басшылық жасау; ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Комитет құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа талап қою; өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;
техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде, сондай-ақ Министрлік басшылығының тапсырмаларында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген функциялар жалпы болып табылады және Комитеттің барлық басқармалары өз құзыреттері шегінде іске асырады.
2) Баспа бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық жұмысы жөніндегі басқармасы:
стратегиялық:
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
ақшалай сыйақы беру тәртібін, мөлшерін және "Үркер" ұлттық сыйлығының номинациясын әзірлеу.
іске асыру:
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдер, меморандумдар және шарттар әзірлеу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
этносаралық қатынастарды дамыту және қоғамдық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыру;
басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу.
3) Теле-, радиоарналардағы ақпараттық жұмыс басқармасы:
стратегиялық:
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
ақшалай сыйақы беру тәртібін, мөлшерін және "Тұмар" ұлттық сыйлығының номинациясын әзірлеу;
іске асыру:
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және бағалауды жүзеге асыру;

4) Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс басқармасы:

5) Жұртшылықпен байланыс және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
реттеуші:
мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережені әзірлеу;
іске асырылатын:
басқарманың құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
саяси партиялармен, коммерциялық емес, жастар ұйымдарымен және өзге де ұйымдармен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
этносаралық қатынастарды дамыту және қоғамдық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыру;
басқарманың құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісімдер, меморандумдар және шарттар әзірлеу;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету.
6) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау басқармасы:
реттеуші:
интернет-ресурсқа қол жеткізуді қалпына келтіру қағидаларын әзірлеу;
масс-медиа мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
масс-медиа саласындағы уәкілетті органның ұйғарымы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және жедел хабарлармен алмасу сервистеріне қол жеткізуді шектеу туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін әзірлеу;
бақылау:
Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
масс-медиада Қазақстан Республикасының балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
масс-медиа мониторингін жүзеге асыру;
"Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау тұрғысынан масс-медиа өнімдерінің мониторингін жүзеге асыру;
телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
"Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған масс-медиа саласындағы бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберу;
Қазақстан Республикасының "Масс-медиа туралы" заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқамалар беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және әкімшілік жаза қолдану;
лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының "Масс-медиа туралы" заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған масс-медиа саласындағы бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберу;
Қазақстан Республикасының "Масс-медиа туралы" заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқамалар беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және әкімшілік жаза қолдану;
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нұсқамалар мен хабарламалар жіберу;
онлайн-платформаның меншік иесінен және (немесе) заңды өкілінен тәулігіне пайдаланушылардың саны туралы ақпарат сұратуға;
онлайн-платформада пайдаланушылар санын айқындау функциялары болмаған жағдайда пайдаланушылар санын айқындауға;
онлайн-платформалардың меншік иелерінен және (немесе) заңды өкілдерінен сот актілері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салулары негізінде пайдаланушылар туралы мәліметтер сұратуға;
іске асырылатын:
байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және интернет-ресурсқа қол жеткізуді қалпына келтіру туралы тапсырма;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының келісімі бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілерімен және байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерін көрсетуді, интернет-ресурстарға қол жеткізуді және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратты тоқтата тұру тәртібін айқындау;
Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру.
7) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы:
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;
теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және масс-медиа саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
іске асырылатын:
мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет басылымдарын есепке, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
отандық теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қоюды, куәлік беруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке, қайта есепке қоюды, куәлік беруді жүзеге асыру;
теле-, радиоарналарды бөлу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялар беру;
есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет басылымдарының, теле-, радиоарналардың тізілімін жүргізу;
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;
эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;
есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптамасын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны көрсетуді электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдау;
телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу.
8) Мемлекеттік ақпараттық саясаттың іске асырылуын талдау басқармасы:
реттеуші:
республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу;
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережені әзірлеу;
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия;
іске асырылатын:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстың іске асырылуын жалпы үйлестіру;
уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсын өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру;
Тәуелсіз сараптама комиссиясының қызметін қамтамасыз ету.
9) Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы:
реттеуші:
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;
ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;
телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және оның құрамына ұсыныстар енгізу;
телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу;
еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуды қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтық телерадио хабарларын тарату арқылы);
іске асырылатын:
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағында радио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі жобаларды әзірлеу;
цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
көп арналы хабар таратуда таралуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу бөлігінде Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының қызметін үйлестіру;
Ұлттық телерадио хабарларын тарату операторының міндетті теле-, радиоарналарды және еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуды қаржылық қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін үйлестіру;
телерадио хабарларын тарату саласындағы материалдық-техникалық базаны техникалық жаңғырту мәселелері бойынша Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың қызметін үйлестіру;
телерадио хабарларын тарату саласындағы Ұлттық оператор көрсететін қызметтердің тарифтері бойынша есеп айырысуларды келісу;
басқарманың құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;
телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және енгізу.";
мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
"27. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".
2, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |