БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар басшыларының, мамандарының біліктілік сипаттамалары";
7-тараудың 1-бөлімі 1-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-параграф. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымның басшысы (директоры)";
412 және 413-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"412. Біліктілікке қойылатын талаптар:
білімі:
кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар үшін:
мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.";
7-тараудың 1-бөлімі 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың) жетекшісі";
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына қосымшада:
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7-тарау. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымдар басшыларының, мамандарының біліктілік сипаттамалары |
";
реттік нөмірі 136-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
136. | Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымның басшысы (директоры) |
";
реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
138. | Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің (орталықтың, қызметтің, сектордың, бөлімнің, топтың) жетекшісі |
".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді.
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |