БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Е. Көшербаев |
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы "1" маусымдағы № 11-1-4/295 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-4/196 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".
2. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/136 бұйрығына өзгерістер енгізу" туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 11-1-4/228 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".
3. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу" туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 11-1-4/232 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.".