ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 62-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болып табылатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс жетекшілік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Министр | Е. Нағаспаев |
| Бұйрыққа қосымша |
Құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесін бекіту туралы
№ | Нысан түрі | Қолданысқа енгізу күні |
1 | сыйымдылығы 600 және одан астам оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептердің (гимназиялардың, лицейлердің) ғимараттары | 2026 жылғы 1 тамыздан бастап |
2 | әуежайлар, әуежайлардың жолаушылар терминалдары және авиациялық инфрақұрылымның өзге де нысандары | |
3 | теміржол және автомобиль жолдарының тоннелдері, метрополитендер | |
4 | барлық санаттағы жолдардағы ұзындығы 100 м (метр) және одан көп көпір құрылыстары | |
5 | бірегей құрылыс нысандары | |
6 | орын саны 95 және одан көп балаға арналған мектепке дейінгі білім беру нысандары | 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап |
7 | мектеп-интернаттардың жатын корпустарының, сыйымдылығы 100-ден астам бала демалатын балалар лагерьлерінің ғимараттары | |
8 | жоғары және орта арнаулы оқу орындарының кешендері (бөлек тұрған спорт кешендерін, тамақтану блоктарын, тұрғын қалашықтар мен жатақхана корпустарын қоспағандағы кампустар) | |
9 | 6 қабаттан және одан астам тұрғын және көпфункционалды ғимараттар (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда) | |
10 | биіктігі 3 қабаттан және одан жоғары әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда) | |
11 | қысымы 0,3 МПа (МегаПаскаль)-дан асатын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері | |
12 | I,II,III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары | |
13 | сумен жабдықтаудың және су бұрудың магистральдық желілері және ондағы құрылыстар, су құбыры мен кәріздік тазарту құрылыстары, өнімділігі тәулігіне 1000 м3 (тәулігіне текше метр) және одан жоғары сорғы станциялары мен су жинағыштар | |
14 | шартты (ішкі) диаметрі 320 мм-ден астам (қоса алғанда) жылумен жабдықтаудың магистральдық және тарату (орамішілік) желілері және олардағы құрылыстар | |
15 | жасанды микроклиматтың арнайы құрылғыларын және күзет іс-шараларын талап ететін республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймаларының ғимараттары | |
16 | теміржол вокзалдары, автовокзалдар (автостанциялар), теңіз және өзен вокзалдары | |
17 | спорттық-ойын-сауық, діни жабық ғимараттар немесе оларда бір мезгілде (сыйымдылығы) 150 және одан көп адам болатын ашық құрылыстар | |
18 | денсаулық сақтау нысандары, емдеу-профилактикалық мекемелер | |
19 | электр қосалқы станцияларын, тарату құрылғыларын, әуе және кабельдік электр беру желілерін, қоректендіру орталықтарын қоса алғанда, электрмен жабдықтау объектілері | |
20 | электр энергиясын генерациялаудың жылу, гидроэлектр, күн, жел және өзге де объектілерін қоса алғанда, барлық үлгідегі электр станциялары | |
21 | мұнай мен газды өндіру, кәсіпшілік жинау, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу және сақтау объектілерін, сондай-ақ сұйытылған табиғи газ объектілерін қоса алғанда, мұнай-газ кешенінің объектілері | |
22 | I және II санаттағы автомобиль жолдары және ондағы құрылыстар | |
23 | I және II сыныпты гидротехникалық құрылыстар | |
24 | магистральдық темір жолдар | |
25 | қуаты 150 МВт (МегаВатт) және одан жоғары жылу энергетикасының ғимараттары мен құрылыстары | |
26 | кернеуі 110 кВ (килоВольт) және одан жоғары электр беру желілері мен электр желісі шаруашылығының өзге де объектілері | |
27 | жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс нысандарын қоспағанда, құрылыс нысандарының барлық түрлері | 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап |